2023 жылдың 20қыркүйек күні Тельжан орта мектебінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы аясында жыл сайын Республикалық балалар оқулары байқауың аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, отандық және шетелдік әдебиетті, сондай-ақ жазушылардың шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 8сынып оқушысы Толегенов Нияз . Жетекшісі: Садыкова А Ж Құттықтаймыз!!!
18.10.2023
ТУҒАН ТІЛІМ - БАБАМ ТІЛІ - ӨЗ ТІЛІМ!!! ҚР ОАМ РҚББОӘО ұйымдастыруымен 2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында Мектеп парламенттері арасында өткізіліп жатқан Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "Туған тілім – бабам тілі – өз тілім" республикалық челленджіне Чернигов орта мектебі оқушылары да үн қосады. Туған тілім -БАБАМ ТІЛІ -өз тілім, Туған тілім- АНАМ ТІЛІ - өз тілім. Туған тілім -ДАЛАМ ТІЛІ- өз тілім, Туған тілім -АДАМ ТІЛІ - өз тілім . #Біртұтас_тәрбие
18.10.2023
Биылғы оқу жылының басты ерекшелігінің бірі тәрбие жұмысы бойынша Біртұтас тәрбие бағдарламасы талап, ар-ұят, ұлттық мүдде құндылықтары негізінде жүзеге асырылып, адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сонымен қатар биылғы жыл 9 ай 9 іс-шара, 4 тоқсан- 4 өнер жобалары бойынша іс шаралар өткізілуі жоспарланып отыр. Мектепте осы Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша сынып жетекшілермен тәрбие ісі бойынша орынбасары Д.Н Нурсеитова түсіндірме сағатын, отырыс өткізді.
18.10.2023
«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени ағарту жобасының І тоқсан «Ақындар айтысы» жоспарына сәйкес 19 қыркүйек күні 6-7 сынып оқушылар арасында «Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы » тақырыбында пікірталас, дебат өткізілді. Бүгінгі дебатта екі топ ұлы қазақ елінің айтыс өнерінің қазіргі және келешектегі өзекті мәселелері бойынша пікірталасты. Дебатта білім алушылардың айтыс өнеріне деген көзқарасы талқыланды. Сөз қадірін білген қазақ халқының құндылықтары жайлы
18.10.2023
#Біртұтас_тәрбие #Атаулы_күндер #Жеткіншектің_жеті_жарғысы #Тілдер_онкүндігі Төле би Әлібекұлының 360-жылдығына орай қазақ тілі сен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садыкова А.Ж 8-9 сынып оқушыларымен «Төле би мұраты - ұрпаққа байлық » атты әдеби іс-шара өткізді. Мақсаты:Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері жайлы түсіндіріп, мәлімет беру,оқушылардың ойын,тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, адамгершілікке, елін,жерін қорғауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушыларды екі топқа бөліп, 1 топ " Туралықты тура еткен Төле би", 2 топ "Төле би қазақтың данагөй абызы" болып сайысқа түсті.Іс-шара 4 айналымнан бойынша жүргізілді. 1) "Ойлан тап" әдісі, 2)"Болжамдар " ағашы,3) "Билердің шешендігі", 4) "Рөлдік ойын" .
18.10.2023
2023 жылдың 18-ші қыркүйек күні 3-4 сынып оқушыларына арналған "Мен өз елімді жақсы көремін!" зияткерлік ойынының аудандық кезеңі өтті. Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының назарын ел өміріне, тарихтың даңқты беттеріне аудару. Өз білімдерін сынауға 3-4 сынып оқушылары қатысып, жүлделі 2 орынға Арман Нурридин ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Нурриденге сәттілік тілейміз. Жетекшісі : Бегалина Қ.А Құттықтаймыз!!!
18.10.2023
ТУҒАН ТІЛІМ - БАБАМ ТІЛІ - ӨЗ ТІЛІМ!!! ҚР ОАМ РҚББОӘО ұйымдастыруымен 2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында Мектеп парламенттері арасында өткізіліп жатқан Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "Туған тілім – бабам тілі – өз тілім" республикалық челленджіне Чернигов орта мектебі оқушылары да үн қосады. Туған тілім -БАБАМ ТІЛІ -өз тілім, Туған тілім- АНАМ ТІЛІ - өз тілім. Туған тілім -ДАЛАМ ТІЛІ- өз тілім, Туған тілім -АДАМ ТІЛІ - өз тілім .
18.10.2023
В рамках психологической помощи родителям первоклассников педагог-психолог Агеева Н.О провела встречу "Первый раз в первый класс". Цель данного мероприятия - разобраться в том, как и что чувствует ребёнок на новом этапе обучения, как помочь ребёнку учиться хорошо и получать положительные эмоции от занятий в школе. #работасродителями #работассемьёй #Біртұтас_тәрбие #Отбасы_күні
18.10.2023
#Біртұтас_тәрбие #Тілдер_онкүндігі #Жеткіншектің_жеті_жарғысы Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Жеткіншектіктің жеті жарғысы» жобасы аясында 5-6 сынып арасында "Тіл тапқыр" тақырыбында сайыс өткізілді.Сайыс 4 айналым бойынша жүргізіліп, өте тартымды қызықты өткізілді. Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маныбаева А.З
18.10.2023
#Біртұтас_тәрбие #Тілдер_онкүндігі #Жеткіншектің_жеті_жарғысы Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Жеткіншектіктің жеті жарғысы» жобасы аясында Travelling to “English language”country тақырыбында сыныптан тыс іс -шара сайыс ретінде өтті. Сайысқа 5,6,7 сынып оқушылары қатысып, екі топқа бөлінді. “Ағылшын тілі” еліне даблдэкер автобуспен саяхат жасап, бес аялдамада фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, тапсырмалар жасады. Жұмбақтар мен викторина сұрақтарына жауап берді. Оқушылар тапсырмалар жасаған кезде, білімдерін, қызығушылықтарын көрсетті. Өткізген ағылшын тілі мұғалімі : Байменова А. М
18.10.2023
Найдено новостей: 104481. Показано с 18289 по 18304