#Адалдық_сағаты Мектебімізде 8 қыркүйек күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі және функциялары» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.Жас ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарды және сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын түсіндірді. Оқушылар дөңгелек үстел барысында өздерінің ой пікірлерін ортаға салды
12.09.2023
2023 жылы 1 қыркүйек күні Білім күніне арналған "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын мектеп директоры Амангельдиева С С жиналған қауымды құттықтап, жаңа оқу жылына барша білім алушылар мен мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерімізді құттықтап, ақ жол тіледі. Мерекелік шара 1-сынып оқушыларының өз өнерлерін көрсетіп, 11-сынып оқушыларының құттықтауларын қабыл алды. Салтанатты іс шара соңында ең маңызды, ең қымбат сәт алғашқы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушылары мен 1-сынып оқушыларына берілді. Ата аналар шашу шашып , лебіздерін жолдады.
12.09.2023
Мектебімізден түлеп ұшқан кешегі түлектер бүгін мектепке тірек болуда. Рухани жаңғыру елімізде атқарылып жатқан игі істердің бастамашысы болып табылып, туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге, оқыған мектебіне деген патриоттық сезімге ұласуда. Осыдан 16 жыл бұрын мектеп қабырғасынан 2007 жылы ұшқан түлектер мектебімізге , соның ішінде әлі де қызмет етіп жатқан сынып жетекшісі Иванченко С.Н сыныбына тақта және қозғалмалы тақта сыйға тартты. Мектеп ұжымы және мектеп директоры атынан алғыс айтамыз.
12.09.2023
⚜️50 ЖЫЛДЫҚ КЕЗДЕСУ⚜️ 3 тамыз күні Чернигов орта мектебінде осыдан 50 жыл бұрын бітірген түлектердің кездесуі болып өтті. 50 жыл! Бұл аз уақыт емес. «Елу жылда – ел жаңа» дейді дана халқымыз. Осыдан елу жыл бұрын өмірге келген баланың өзі ел ағасы атанады. Ал, мектеп бітірген түлектер үшін бұл – мүлдем бөлек. 1973 жылы көңілде мол арманмен сапарға аттанған бозбала мен бойжеткен бүгінде ақ бантигін ақжаулыққа айырбастыпған әже мен басын бозқырау шалған ата болды. Ал, сол жандардың жарты ғасырдан кейінгі жүздесуін көрудің өзі бір ғанибет екен…. Мектеп оқушылары өлең жолдарын арнап, ән шырқады. Музыка жетекшісі Көшенов Б.С тамаша ән шырқап берді. Түлектер Мектеп вальсін билеп, сынып жетекшісі Речинская С.П сабақ өткізіп,түлектер мектеп шағындағы естен кетпес естеліктерін есіне алып, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Мектеп ішін аралап, мұражайдағы фото - альбомдарды көріп, тамашалады. Мектепке алтын түлектердің атынан электронды сағат пен картинкаларды сыйға тартты.
12.09.2023
Найдено новостей: 106001. Показано с 22401 по 22416