
📚ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІ📚 🎬«Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектебімізде Абайдың «Толық адам» ілімі тақырыбында 4, 5-6 сыныптарда "Абайдың шығармаларына" арналған сыныптан тыс іс шара өткізілді. Жетекшісі: Маныбаева А.З 📌Мақсаты: Абай шығармашылығымен, соның ішінде «Толық адам» туралы ұстанымдарымен таныса отырып, Абай шығармаларының,өлеңдерінің қара сөздерінің тақырыбы мен идеясын ашу. 📜Абай адам баласына қажетті үш нәрсені: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен толғап, адамға тән қасиет екенін көрсетеді.
12.03.2024

«Мектеп формасы – баршаға ортақ» Ата-ана назарына!!! Мектеп формасы – бала үшін ең маңызды элемент болып табылады, себебі баланың көпшілік уақытын мектепте өткізеді. Мектеп формасы оқу процесінде зейінін тұрақтап шоғырлануға көмектеседі және басқа заттарға көңіл аудармауды тәртіптейді. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді. Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлық сипатына сәйкес келуі қажет. Форманың үлгісі мен түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес және шымқай ашық түстер емес жағымды түстер таңдалып, білім алушылардың жас ерекшелігін ескере енгізіледі. Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, көк галстук.Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет. Қыздардың мектеп формасына: пиджак, жилет, ақ жейде, көк галстук, қара немесе көк туфли, тізеден төмен юбка (ұзындығы тізеден төмен 5-7 см төмен түсіп тұруы тиіс). Спорттық киімге: ұл мен қызға ортақ қара-көк түстегі спорттық костюм,ақ футболка және спорттық аяқ- киім қажет. Мектеп әкімшілігі
12.03.2024
Найдено новостей: 103985. Показано с 11857 по 11872