Меню KDT
#Біртұтас_тәрбие #dosbolike #досболайқакциясы #досболайқ 🤝«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ жоспарына сәйкес оқушылар арасында волейбол ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстану, ой-өрісін, шыдамдылығын, икемділігін нығайту, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Спорттық командалық ойындарға оқушылардың қызығушылығын арттыру.
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие Досболlike: достық қолын ұсын акциясы аясында тәлімгер Амбицкая Н.А және еріктілердің ұйымдастыруымен "Құстарды қыста қоректендіріңдер" табиғатты қорғау акциясы жүзеге асырылды. Акцияға 5-7 сынып оқушылары белсене қатыса келе, қажетті құралдардан ұя жасап, құстарға қамқорлық таныта білді. #акция #досболайк #құсұясы #табиғат
29.02.2024
"Дос болLIKE: Достық қолын ұсын" акциясы! ⚜️ Біртұтас тәрбие бағдарламасының іс-шаралар жоспарына және Республикалық "ДосболLIKE:достық қолын ұсын"акциясы аясында сыныптар арасында 11 сынып оқушылары мұғалімдер мен оқушыларға "Шын жүректен..." тілек айту парақшасын таратты. Жалпы акцияның мақсаты:мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау. #біртұтастәрбие #досболайк #досболайк #акция
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие «МАҚАЛ-СӨЗДІҢ АЗЫҒЫ, ЖҰМБАҚ-ОЙДЫҢ ҚАЗЫҒЫ» іс-әрекет өтті «Балбөбек» шағын орталығында 2024 жылдың 8 ақпан күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру мақсатында тәрбиешісі Павлючек З.Т ұйымдастырумен «Мақал- сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы» мақал- мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды үйретуге арналған ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті өтті. Мақсаты: «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, тілдік қорын көбейтуге үйрету. Міндеттері: Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу. Ата - салтым, асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім, Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей отырып ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтанда құнды мұраларымызды жас ұрпақтың бойына сіңіру басты міндеттің бірі. Бұндай сабақ түрі де балалардың өздеріне де қатты ұнады. Әсіресе сурет бойынша мақал мәтел шешу, жұмбақты шешуде балалар білімдерін тамаша көрсете білді.
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #Мақалмәтел 5 ақпан күні бастауыш сынып оқушылар арасында Нурсеитова Д.Н "Мақал-сөздің қазығы,жұмбақ ойдың азығы"атты сайыс өткізді. Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына. ✅Мақсаты: мақал- мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Тіл – қай ұлтта қай елде болса да құдіретті, қастерлі. ✅Ойын үш турды құрады. 1.Ойлы болсан озып көр.мақал-мәтел сайысы Суреттер сөйлейді суретке қарап мақалды табу, пазлыдан мақалдың жалғасын табу. 2.Тапқыр болсан тауып көр.жұмбақ сайысы жасырылған жұмбақтың жауабын табу. 3. "Шыбын" ойыны математикалық жұмбақтарды шешу.
29.02.2024
#Біртұтастәрбие #ДосболLIKE #Өзінөзібасқару "ДОСБОЛLIKE" ДОСТЫҚ ҚОЛЫН СОЗ" АКЦИЯСЫ Мектебімізде 5 ақпан күні де акция жоспарына сәйкес, “Көтеріңкі көңіл- күй” бағыты бойынша жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру мақсатында мектеп президенті мен мүшелері оқушылар мен мұғалімдерді жақсы көңіл ді музыкамен қарсы алып, фоторамкаға суретке түсті.
29.02.2024
Профориентация
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #Талап 2023-2024 оқу жылы бойынша 5-6 сыныптар арасында өткізілген пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде мектеп оқушылары өз бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болды. Ағылшын пәнінен 3 орын алғаны үшін 5 "Б" сынып оқушысы Шарипова Светлана, қазақ тілі пәнінен ІІ орын алғаны үшін Қабыш Ердос, жаратылыстану пәнінен ІІ орын алғаны үшін Аманжол Әділбек, орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінен ІІІ орын алғаны үшін Дьяченко Алина марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
29.02.2024
«Дос болайық» акциясы аясында құрылған жоспарға сәйкес 31 қаңтар күні 5-7 сынып оқушылары "Кіші зияткерлік академия " бағыты бойынша «Ертегілер еліне саяхат» атты челленджіне қатысты. Барлық бастауыш оқушыларына челленджді жалғастыруын ұсынды. Мақсаты - азаматтарды кітап оқуға ынталандыру, халық арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, себебі, "кітап оқу арқылы өзімізді, əлемді өзгерте аламыз". #біртұтас_тәрбие #кітапхана #досболайық #челленджкітапоқиық
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #dosbolike #досболайықакциясы #досболайық «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ Акция аясында 28 қаңтар күні 9 "А" сынып "Шеберлер қаласы" бағыты бойынша "Дәмді тағамдар әзірлеу " тақырыбында қыздар өз қолдарымен тәтті тағам әзірлеп, сыныптастарымен бөлісті. Жауапты : Садыкова А.Ж
29.02.2024
#МыңАлғыс. С целью воспитания и развития чувства патриотизма и гражданственности, духовности и ответственности, воспитания добрых человеческих взаимоотношений и отзывчивости к окружающим наша школа приняла участие «Арайлы Атамекенім», посвященного Дню благодарности.
29.02.2024
Профориентация
29.02.2024
2024 жылдың 29 ақпанында Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 35-тармағына сәйкес «Білім алушыларды аралық аттестаттау негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық қорытындылау емтиханын өткізу және емтихан тапсырмаларын құрастыру туралы облыстық деңгейде отырыс өтті.
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие « Діни тероризм және экстремизм» алдын алу " тақырыбында өзін өзі басқару мүшелері мектеп оқушыларына жадынама таратты. Мақсаты: Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу; Сонымен қатар бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #dosbolike #досболайықакциясы #досболайық «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ 2024 жылдың 17 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы айлығы бастау алды. Акция аясында жоспарға сай "Шығармашылық ынтымақтастық" бағыты бойынша 1-2 сыныптар "Дос болайық бәріміз" әнін орындады. Жауапты : Гиззатова О Е, Балтабаева С.Р
29.02.2024
25 қаңтар күні жоспарға сәйкес орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Амангельдиева С.С ұйымдастыруымен орыс тіліне арналған күн болды. Мектеп оқушылары мен ұстаздарды орыс халқының әндерімен қарсы алып, үзіліс уақытында частушки орындалды, қонаққа скоморох келіп мақал мәтел, түрлі тапсырмалар орындалып, дастархан дайындалды . Мақсаты: білім алушылардың орыс тіліне қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, білім көкжиегін кеңейту. Әр үзіліс уақытында оқушыларына "Көңілді үзіліс" ойындары ұйымдастырылды.
29.02.2024

Найдено новостей: 103985. Показано с 12689 по 12704