Меню KDT
Профессиональная ориентация школьников
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #алғысымшексізсіздерге Чернигов орта мектебінің жанындағы “Балбөбек “шағын орталығында “Алғысым шексіз” тәрбие сағаты өтті.
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие Кішкенекөл ауылында спорттық сауықтыру кешенінде, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығаруына арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті. Оқушыларымыз жүлделі орындармен оралды. 2 орын Аманжол Мейірбек 3-орын Датов Аман және Боранбаев Ризабек
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» челленджі «9 айға 9 іс -шара» жобасы аясында "Сүйікті кітабым» көрмесі қойылып, кітапханашы Рамазанова С.Р ұйымдастыруымен өткізілді. Челлендж мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арта түсіріп, қаншалықты кітап оқитынын анықтау, білімнің кітапта екенін ұғындыру. Кітап оқу - тұлға болып қалыптасуға ықпал ететін бірден - бір күш. #оқуғақұштармектеп #меніңсүйіктікітабым #люблючитать #моялюбимаякнига #тоғызай_тоғыз_ісшара
29.02.2024
🎈🎈Бастауыш сыныптар апталығының ашылуы🎈🎈🎈 📖Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш. Ең алғаш әріп танып, оқуға, санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген жолды бастауыштан бастаймыз. 🔰 Чернигов орта мектебінде 26ақпан күні бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бастауыш- білім бастауы» атты апталығы өз жұмысын бастап кетті. . ✔️Апталықтың алғашқы күнінен көрініс
29.02.2024
#STOP_Буллинг "Чернигов орта мектебі " жанындағы "Балбөбек" шағын орталығында педагог- психолог Байменова А.М ұйымдастыруымен "Буллингке жол бермеу" мақсатында профилактикалық жұмыстар , "Дос болайық бәріміз " тақырыбында жаттығулар жүргізілді. Мақсаты: •«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; •Бүлдіршіндер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; •Бүлдіршіндерді сыйластыққа, достық қарым - қатынасқа, тату болуға, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #Алғысымшексізсіздерге ✨Алғыс айту күні✨ 27 ақпан күні "Чернигов орта мектебі" жанындағы "Балбөбек" шағын орталығының тәрбиешісі Павлючек З.Т ұйымдастыруымен "1 наурыз-Алғыс айту" күніне орай бейнежазба дайындалды.
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #Алғыс_айту_күні ✨Алғыс айту күні✨ 27.02.2024 жылы Чернигов орта мектебінің мектепалды орыс, қазақ даярлық топтарының "1 наурыз-Алғыс айту" күніне орай "Алғыс айту- парызым!" атты бейнебаян дайындады. Мақсаты: оқушылар бойына мейірімділік сезімін ұялату,қонақжайлылық-қазақ халқының асыл қасиеті екенін ұғындыру,жас балғындарды ұлттық құндылықтарға баулу, достарыны , бір- бірлеріне алғыс айту, достық қарым қатынасты дамыту.
29.02.2024
БАЛАЛАР, ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!! Психологиялық көмек қажет болған жағдайда хабарласуға болады!! ТЕГІН, ТӘУЛІК БОЙЫ АНОНИМДІ, ҚҰПИЯ ТҮРДЕ
29.02.2024
«ҚР Бала құқықтары туралы» Заңына жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институтын енгізу туралы өзгерістер енгізілді. В Закон «О правах ребенка в РК» внесены изменения в части введения нового института – института наставничества над детьми-сиротами. ҚР "Білім туралы" Заңына желілік мектептердің қызметі туралы норма енгізілді. Білім беру ұйымдарының басшылары бекітілген штат саны шеңберінде штат кестесін өзгерте алады. Әкімдіктер әр 5 жыл сайын пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан білім беру ұйымдары ғимараттарының апаттылығына тексеру жүргізуге міндетті.
29.02.2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ “ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ” жұмыс жоспарына сай "Жеңгелер" клубының жұмысы ұйымдастырылды. Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік тәрбиелеуде қыз жеңгелерінің де алатын орны ерекше екеніне тоқталу. Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғыну мақсатында отырыс өткізілді. #біртұтас_тәрбие #даналықмектебі #атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы
29.02.2024
"Нашақорлық-індет, алдын-алу міндет" атты тақырыбында әлеуметтік педагог Тим Серікжан ақпараттық сағатын өтті. Мақсаты: Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. #Біртұтас_тәрбие
29.02.2024
Акция "Алтын жүрек"
29.02.2024
#Әлеуметтікжелі #Қауіпсізинтернет Интернет. Әлеуметтік желі. Интернетке тәуелділік. Бүгінде осынау ұғымдар адамзат атаулыны өзіне баурап жатқаны мәлім. Күнделікті тұрмыс-тіршілік, жұмыс барысы, тіпті қай саланы алсаңыз да барлығы әлеуметтік желімен тығыз байланысып жатады. Заман талабы-осы. Алайда, пайдасынан гөрі кері әсері бар. Осы мақсатта мектебімізде " Қауіпсіз интернет " тақырыбында оқушылар арасында ақпараттық сабақ өткізілді. Мақсаты: балалардың интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын дамыту. Міндеттері: 1) балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелеріне қызығушылығын арттыру; 2) балаларды компьютерлік ойынға тәуелділіктен қауіпсіз қорғау дағдыларын қалыптастыру. 📌Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: қарым-қатынас, компьютерлік ойындарға деген құштарлықтың алдын алу, өзара сыйластық, денсаулық мәдениеті, гигиенаны сақтау.
29.02.2024
#Алтынжүрек #детскоесамоуправление #өзінөзібасқару ❤️АЛҒЫС - БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ!❤️ ҚР Оқу-ағарту министрлігі РҚББО 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап Алғыс айту күніне арналған мектеп парламентінің мүшелері арасында «АЛТЫН ЖҮРЕК» республикалық челленджін бастап, барлық мектептерге жолдайды! ⭐Айналамызға бейбітшілік пен жақсылықты бірге жасайық!✨
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #dosbolike #досболайқакциясы #досболайқ «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ жоспарына сәйкес 5-6 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Байменова А.М ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларымен «Көңілді старт » тақырыбында қозғалмалы ойындар өткізді. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстану, ой-өрісін, шыдамдылығын, икемділігін нығайту, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
29.02.2024

Найдено новостей: 104457. Показано с 13313 по 13328