Меню KDT
#Біртұтас_тәрбие #Талап 2023-2024 оқу жылы бойынша 5-6 сыныптар арасында өткізілген пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде мектеп оқушылары өз бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болды. Ағылшын пәнінен 3 орын алғаны үшін 5 "Б" сынып оқушысы Шарипова Светлана, қазақ тілі пәнінен ІІ орын алғаны үшін Қабыш Ердос, жаратылыстану пәнінен ІІ орын алғаны үшін Аманжол Әділбек, орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінен ІІІ орын алғаны үшін Дьяченко Алина марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
29.02.2024
«Дос болайық» акциясы аясында құрылған жоспарға сәйкес 31 қаңтар күні 5-7 сынып оқушылары "Кіші зияткерлік академия " бағыты бойынша «Ертегілер еліне саяхат» атты челленджіне қатысты. Барлық бастауыш оқушыларына челленджді жалғастыруын ұсынды. Мақсаты - азаматтарды кітап оқуға ынталандыру, халық арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, себебі, "кітап оқу арқылы өзімізді, əлемді өзгерте аламыз". #біртұтас_тәрбие #кітапхана #досболайық #челленджкітапоқиық
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #dosbolike #досболайықакциясы #досболайық «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ Акция аясында 28 қаңтар күні 9 "А" сынып "Шеберлер қаласы" бағыты бойынша "Дәмді тағамдар әзірлеу " тақырыбында қыздар өз қолдарымен тәтті тағам әзірлеп, сыныптастарымен бөлісті. Жауапты : Садыкова А.Ж
29.02.2024
#МыңАлғыс. С целью воспитания и развития чувства патриотизма и гражданственности, духовности и ответственности, воспитания добрых человеческих взаимоотношений и отзывчивости к окружающим наша школа приняла участие «Арайлы Атамекенім», посвященного Дню благодарности.
29.02.2024
Профориентация
29.02.2024
2024 жылдың 29 ақпанында Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 35-тармағына сәйкес «Білім алушыларды аралық аттестаттау негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық қорытындылау емтиханын өткізу және емтихан тапсырмаларын құрастыру туралы облыстық деңгейде отырыс өтті.
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие « Діни тероризм және экстремизм» алдын алу " тақырыбында өзін өзі басқару мүшелері мектеп оқушыларына жадынама таратты. Мақсаты: Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу; Сонымен қатар бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #dosbolike #досболайықакциясы #досболайық «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ 2024 жылдың 17 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы айлығы бастау алды. Акция аясында жоспарға сай "Шығармашылық ынтымақтастық" бағыты бойынша 1-2 сыныптар "Дос болайық бәріміз" әнін орындады. Жауапты : Гиззатова О Е, Балтабаева С.Р
29.02.2024
25 қаңтар күні жоспарға сәйкес орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Амангельдиева С.С ұйымдастыруымен орыс тіліне арналған күн болды. Мектеп оқушылары мен ұстаздарды орыс халқының әндерімен қарсы алып, үзіліс уақытында частушки орындалды, қонаққа скоморох келіп мақал мәтел, түрлі тапсырмалар орындалып, дастархан дайындалды . Мақсаты: білім алушылардың орыс тіліне қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, білім көкжиегін кеңейту. Әр үзіліс уақытында оқушыларына "Көңілді үзіліс" ойындары ұйымдастырылды.
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие_ 26 қаңтар күні 5-6 сынып оқушылары арасында Әбілхан Қастеевтің 120 жыл толуына байланысты «Бейнелеу өнерінің бәйтерегі» атты сайыс өтті. Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Өнерді құрмет тұту, оған деген сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу. Кітапханашы: Муратова Т.Б.
29.02.2024
Алтын жүрек, Алғыс Айту Күні, День Благодарности
29.02.2024
#центрпедагогической поддержкиродителей Могучая духовная сила воспитания заложена в том, что дети учатся смотреть на мир глазами родителей. Только в совместной деятельности родители лучше знают своих детей, становятся ближе. В.А. Сухомлинский
29.02.2024
25 қаңтар күні шағың футбол ұлдар арасында (5-6; 7-8; 9-11сыныптар) 2-кезең " Мектеп лигасы" финал өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 7-8 сынып бойынша жүлделі 1 орынға, 5-6 сыныптар жүлделі 2 орынға ие болды, 1 орын алған оқушыларымыз аудан намысын қорғайтын болады. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз.Құттықтаймыз!!!
29.02.2024
26 қаңтар күні сағат 12.00 де " ТОҒЫЗ АЙҒА -9 ІС ШАРА" жобасы аясында математика пәнінің мұғалімі Добиянова Н. М ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларымен А.Жұмаділдаевтың ұсынған есептерін шығару, "Қазақ есебі" челленджі өткізілді. Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жақттықтыруға ықпал етеді. Мақсаты: Білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету. #біртұтастәрбие #яматематик #математикажизнь #есепшығару #креативноемышление #Тоғызайға9ісшара
29.02.2024
#Біртұтас_тәрбие #Апталық 22 қаңтар күні тіл мамандарының ұйымдастыруымен "Қазақ тілі- Мәңгілік ел тұғыры" атты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс -шара барысында қазақтың киіз үйіне сай бұрыш құрылып, ұлттық бұйымдармен безендірілді. Қазақтың ұлттық дастарханы әзірленді. Қазақтың ұлттық ойындары " Асық ату", "Ат жарыс", " Теңге алу', "Садақ ату" ойындары арқылы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен түрлі тапсырмалар орындалды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген әр оқушы бір жетонға ие болды.Іс шараның соңында безендірілген стендпен, буклеттермен таныстырды. Сөзжұмбақ, ребустарды орындауды үйге тапсырма ретінде берді
29.02.2024
Чернигов орта мектебінде Өрт қауіпсіздігіне арналған оқу жаттығуы жүргізілді. Мектебімізде 23.01.2024 ж эвакуация нұсқаулыққа сәйкес түсіндірмелі жұмыстар өткізілді.ТЖ кезінде эвакуациялау ережелеріне сәйкес өтті. Барлық оқушылар мен ұстаздар,қызметкерлер белгіленген мерзімде эвакуцияланды. Басталу уақыты:11:53 Аяқталу уақыты:11:57 Оқушылар саны:52 Ұстаздар:22 Қызметкерлер:16
29.02.2024

Найдено новостей: 105553. Показано с 15681 по 15696