Меню KDT

Информация о государственной образовательной накопительной сиситеме


Теги:  Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа тетігі бар 2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) іске қосылды. Жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің немесе баласының атына келешекте Қазақстан мен шетел колледждерінде және ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға болатын білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді. «Қаржы орталығы» АҚ осы жүйенің операторы болып табылады. Бүгінгі таңда жүйе бойынша 16 000-ға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды. Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 14% (ЖТМ – 15, 2%) мөлшерінде сыйақы мен жыл сайын 5% немесе 7% (басымдылықты санаттағылар үшін) мөлшерінде мемлекеттен сыйлықақы есептеледі: Білім беру жинақтау салымының ерекшелігі: • Табыс түрі ретінде мемлекет сыйлықақысына салық төленбейді; • Білім беру жинақтау салымдары 10 млн.теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады; • Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2016ж. 6 363 теңге); • Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін; • Мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепіл болуымен банктен білім беру кредитін алуға мүмкіндік бар. Білім грантын иеленген жағдайдағы салымшының құқықтары: • жинақты есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алу; • ақшаны басқа баланың атына аудару; • білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру Білім беру жинақтау салымын ашу үшін мыналар қажет: 1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау. 2-қадам– Білім беру жинақтау салымын ашу. 3-қадам – Бастапқы жарнаны салу. Құжаттар: - жеке куәлігі; - баланың туу туралы куәлігі және ЖСН. Кеңес алу үшін

Комментариев нет
Просмотров: 283
Автор: b0519skobilim
Сайт: www.b0519.sko-bilim.kz
Добавлено: 29.01.2017 в 00:00