Қазақ тілі апталығы туралы ақпарат
16-23 қаңтар аралығында біздің мектепте қазақ тілі апталығы өткізілді.
Апталық салтанатты ашылуымен басталды. Апта бойы әр түрлі іс-шаралар өткізіліп, оқушылар белсенді қатысты.
Балалар мақал-мәтелдер сайысына қатысты, сөзжұмбақтарды қызыға шешті, интеллектуалды ойындарға қатысып, өздерінің қазақ тіліне деген қызығушылықтарын көрсете білді.
Мектеп қабырғасына қазақ тілі туралы газеттер шығарды.
Апталық соңында белсенді қатысқан оқушыларға мадақтама қағаздары берілді.
Комментариев нет
Просмотров: 669