Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына пікірі
Осы Жолдауда атқарылған істер қорытындыланып, алда тұрған маңызды міндеттер атап көрсетілді. Білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс, біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру,- деді Елбасы. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігін атап өтті. Қазақ тілінің басымдығын сақтай отырып, әрі қарай дамуына зор көңіл бөле отырып, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесін көтерді. Биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастайтындығы өте қуанышты. Осы орайда Жолдауда білім саласына көп көңіл бөлінгені үшін Елбасына ризашылығымды білдіргім келеді. Өйткені, білімді, ақылды, өршіл намысты асқақ рухты ұрпақ елдің шаңырағын биіктетіп, көсегесін көгертеді. Біз өз тарапымыздан білек біріктіре отырып Елбасымыздың көксеген ой мұраттарын толыққанды жүзеге асыруға барынша үлесімізді қосуға тиіспіз, бастысы елімізде ұлтаралық келісім, бейбітшілік, бірлік, Отанымыз одан әрі гүлдене берсін дегім келеді.