Меню KDT

«Отбасылық құндылықтар»




Қарақамыс негізгі мектебінде 2016 жылдың 2 желтоқсанында «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында «Менің жанұям» атты фотокөрме, «Біз бәріміз – бір отбасымыз, бір халықпыз» атты сынып сағаты  өткізілді. Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиелеудегі рөлін насихаттау, рухани-адамгершілік тәрбие беру. Фотокөрмеге оқушылар қызығушылықпен атсалысты. Сынып сағатында Тлеубаева Г.А. «Отбасы – тіршілік тірегі» атты баяндама оқыды. Сынып сағаты барысында ата-аналарға бала тәрбиесі туралы қызықты сұрақтар қойылды. Сабақ соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Фотокөрмеде оқушылар өздерінің жанұясы туралы ойларын  мақтанышпен айтты.





Комментариев нет
Просмотров: 581
Автор: b0141skobilim
Сайт: www.b0141.sko-bilim.kz
Добавлено: 01.03.2017 в 00:00