Меню KDT

«Азаматтық қорғаныс » күні


            Наурыздың  бірі Бидайық орта мектебінде «Азаматтық қорғаныс » күніне орай іс-шара өтті. АӘД жетекшісі Мажитов Н.М. ұйымдастыруымен  бұл іс-шарада  оқушылардың төтенше жағдайлардан сақтандыруға арналған түрлі кезеңдерден тұрды.  Алдымен дабыл қағылып, әр сынып оқушылары қауіпсіз аймаққа ережеге сай тәртіппен жөнелтілді.Мектеп медбикесі Нуркина М.Ж. 9-сынып оқушыларына жарақаттанғанда, химиялық заттармен уланбау үшін қандай әрекеттер жасау керек екені, жарақат алғандарды тәжірибеде көрсете отыра түсіндірілді. Бейнероликтер тамашаланып,талдау жасалды. «Қорғаныс» атты 7-8 сыныптармен әскери-спорттық ойын ұйымдастырылды.








Комментариев нет
Просмотров: 578
Автор: b126skobilim
Сайт: www.b126.sko-bilim.kz
Добавлено: 01.03.2017 в 00:00