Меню KDT

МЕКТЕПТЕ “КӨКТЕМ АРУЫ-2017” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

07.03.2017ж.


МЕКТЕПТЕ “КӨКТЕМ АРУЫ-2017” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 

 

     

      7-ші наурыз күні Бидайық орта мектебінде  «Көктем аруы-2017» сайысы  өтті. Сайысқа мектептің 5-10 сынып қыздары қатысты. Сайысты аға  тәлімгер Бельгубаева Асель Хамидулловна  ұйымдастырып өткізді.

 Сайыс 6 кезеңнен тұрды.Олар: 

  1.  Өзін -өзі таныстыру.
  2.  «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» 
  3.  Қолөнер сайысы
  4.  Өз өнерін көрсету
  5. Красивая осанка Кербез сымбат
  6. Этикет ережелері бойынша сұрақтар

     Сайыстың мақсаты: Қыздарымыздың халық ауыз әдебиетін, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау.Ән-би,қолөнер тәрізді халықтың өнерінен  хабарлығын білу. Анаға құрмет көрсету, көктемнің шуақты күндерімен  сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде  ананың ақ сүтінен нәр алып өсіп-өніп келеміз. Күллі дүние де абзал да асыл жандардың алдында бас иеді. Қыздарымыз аналарына, ұстаздарына  деген махаббаттарын өз өнерлері арқылы көрсете алды.

     «Көктем аруы-2017» атағын 7-ші сынып оқушысы Жахина Эльмира  жеңіп алды. Мектеп директоры Карымжанова Раиса Мухметкалиевна  сайысқа қатысқан аруларды  құттықтап, марапаттауларын тапсырды. Сайысты көруге келген Ата-аналар,   ұстаздар сайыстан жақсы әсер алды.   

 

                                                                               

                                                                 Оқу ісінің меңгерушісі: Мажитова А.К.


Комментариев нет
Просмотров: 678
Автор: b126skobilim
Сайт: www.b126.sko-bilim.kz
Добавлено: 07.03.2017 в 00:00