Ответы на часто задаваемые вопросы по КО
Уважаемый учитель!
В связи с внедрением системы критериального оценивания возникают ситуации, когда идет неправильное понимание и интерпретация процедур оценивания. Это усугубляется проверками со стороны органов управления и администраций школ.
Уважаемый учитель!
В связи с внедрением системы критериального оценивания возникают ситуации, когда идет неправильное понимание и интерпретация процедур оценивания. Это усугубляется проверками со стороны органов управления и администраций школ.
Обращаем внимание на ряд основных моментов:
- Система критериального оценивания включает формативное оценивание(с целью оказания поддержки в обучении) и суммативное оценивание(с целью измерения результатов обучения).
- При формативном оценивании выставление баллов и оценок не проводится. Учитель самостоятельно определяет, как проводить формативное оценивание.
- В результате формативного оценивания при необходимости проводится информирование учащихся и родителей. Информация может предоставляться в устном, письменном, графическом или в любом другом виде.
- Суммативное оценивание проводится по завершении изучения разделовучебных программ и четвертис выставлением баллов и оценок.
- Разработка заданий суммативного оценивания за разделыосуществляется учителями.
- Для портфолио учитель должен вести сбор только суммативных работ. Формат оформления суммативных работ (тетради, листы, проекты и др.) учитель определяет самостоятельно. Какие-либо другие документы (творческие работы ученика, грамоты, отчеты и др.) в портфолио учитель вносит по своему усмотрению.
- Результаты суммативного оценивания обучающихся в виде баллов переводятся в четвертную и годовую оценки(по 5-ти балльной шкале) согласно шкале перевода баллов.
С целью достижения единого и правильного понимания новой системы оценивания просим Вас ознакомиться с Инструкцией о порядке проведения системы критериального оценивания и разъяснительными видеоматериалами. Все материалы Вы можете скачать по следующим ссылкам:
- Инструкция о порядке проведения системы критериального оценивания
- Обоснование системы критериального оценивания учащихся.
- О порядке проведения критериального оценивания учащихся.
- Ответы на часто задаваемые вопросы по формативному оцениванию.
- Ответы на часто задаваемые вопросы по суммативному оцениванию.
В случае если у Вас остались какие-либо вопросы по критериальному оцениванию,Вы можете задать их и получить консультацию специалистов Центра педагогических измерений,обмениваться мнениями на портале «Системно-методический комплекс» (smk.edu.kz).
Данный портал также содержит полный комплект материалов по критериальному оцениванию (руководства для учителя, сборники заданий, методические рекомендации, видео-презентационные материалы, информационные брошюры для учащихся и родителей), которые доступны для просмотра и скачивания.
Құрметті мұғалім!
Критериалды бағалау жүйесін енгізуге байланысты бағалау рәсімдерін түсіндіру мен түсінудеболып жатқан қателіктергеқатыстытүрлі жағдайлар туындауда. Бұл жағдайлар білім басқармасы мен мектеп әкімшілігі тарапынан болып жатқан тексерулер салдарынан ұлғая түсуде.
Бірқатар негізгікезеңдеріне назар аударып көрейік:
- Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушыбағалау(оқуда қолдау көрсету мақсатында) және жиынтық бағалаудан (оқу нәтижелерін өлшеу мақсатында) тұрады.
- Қалыптастырушы бағалау кезінде балл және баға қою жүргізілмейді. Мұғалім қалыптастырушы бағалауды қалай өткізу керектігін өз бетінше анықтайды.
- Қалыптастырушы бағалау нәтижесінде қажет болған жағдайда оқушы мен оның ата-анасын ақпараттандыру жұмысы жүргізіледі. Ақпарат ауызша, жазбаша, графикалық немесе кез келген түрде берілуі мүмкін.
- Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін және тоқсанды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы өткізіледі.
- Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды мұғалім өзі жүзеге асырады.
- Портфолио үшін мұғалім тек жиынтық бағалау жұмыстарын жинақтауы қажет. Жиынтық жұмыстарын рәсімдеу үлгісін (дәптерлер, парақтар, жобалар және т.б.) мұғалім өз бетінше анықтайды. Қандай да бір басқа құжаттарды (оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, грамоталарын, есептерін және т.б.)мұғалімпортфолиоға өз шешімі бойынша енгізеді.
- Білім алушылардың балл түріндегі жиынтық бағалау нәтижелері балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес (5 балдық шәкіл бойынша) тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады.
Жаңа бағалау жүйесін дұрыс және бірыңғай түсінуге қол жеткізу мақсатында Критериалды бағалау жүйесін өткізудің тәртібі туралы нұсқаулықпен және түсініктеме беретін бейнематериалдармен танысуларыңызды өтінеміз. Барлық материалдарды төмендегідей сілтемелер арқылы көшіріп ала аласыз:
- Критериалды бағалау жүйесін өткізудің тәртібі туралы нұсқаулық.
- Оқушыларды критериалды бағалау жүйесінің негіздемесі.
- Оқушыларға критериалды бағалау өткізудің тәртібі туралы.
- Қалыптастырушы бағалауға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.
- Жиынтық бағалауға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.
Егер критериалды бағалауға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, сіз ол сұрағыңызды «Жүйелік-әдістемелік кешен» порталындағы (smk.edu.kz)Педагогикалық өлшеулер орталығының мамандарына қоюыңызға болады жәнепікір алмасып, кеңес алуыңызға болады.
Сонымен бірге аталған порталда критериалды бағалауға қатысты материалдар кешені (мұғалімге арналған нұсқаулық, тапсырмалар жинағы, әдістемелік ұсыныстар, бейне-таныстырылымдық материалдар, оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпараттық брошюралар) толығымен бар, олар қарап шығуға және жүктеп алуға қолжетімді.
Құрметпен,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы