Меню KDT

Аяулы анашым!

8 наурыз -  Халықаралық әйелдер мерекесінде 4 сынып оқушылары өз аналарын құттықтады.


Көктемнің шуақты күнімен аяулы аналар, қызғалдақтай қыздар, ардақты әжелер мерекесі де келіп жетті. Осынау мейірімді жандардың жылы жүздеріне орай күн де өз шуағын шашты.

4-ші «а» сынып оқушылары бұл күні ерекше қобалжу үстінде болды. Әсіресе, ұл балалар қыздарды, аяулы аналарын, асыл әжелерін  құттықтауға өз өнерлерін аямады, өз қолдарымен сыйлықтар жасады, өлең шімақтары мен әсем әндер, билер дайындады.

Өз балаларының дайындаған мерекелік концертін көрген аналар мен әжелердің жүздерінен күлкі кетпеді.

Осынау мейірімді жандар үшін мұндай бақыттан асқан бақыт бар ма, шіркін!


Комментариев нет
Просмотров: 586
Автор: b1311skobilim
Сайт: www.b1311.sko-bilim.kz
Добавлено: 16.03.2017 в 00:00