Меню KDT

Алғыс айту күні және 8 наурыз халықаралық әйелдер күні


Алғыс айту күні және 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты ақпарат
   Алғыс айту күні және 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне жоспар бойынша келесі іс-шаралар өткізілді.
   Ақпанның 20сынан наурыздың 1-і аралықтарында 5-11 сыныптар арасында «Менің сүйікті анам» деген тақырыппен шығарма жазды. Мұнда оқушылар өздерінің аналары туралы ой бөлісті.
   Наурыздың 1-7-сі  аралықтаныда күні бейнелеу пәнінің мұғалімі  мен олардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен  «Менің анам-менің мақтанышым!» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
1 наурыз күні мектепте «Сыпайлық -әдептілік белгісі» атты әр сыныпта сынып сағаттары өткізілді. Бұл сынып сағаттарында көптеген қызықты видеобейне көрсетіліп, барлық ұлттармен жақсы қарым-қатынаста болу керектігі айтылып кетті.
   Ал наурыздың  4-сі күні «Жас ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Бас иеміз сіздерге» атты мұғалімдерді және қыздарды құттықтау рәсімі өткізілді.
      Наурыздың 5-і күні мектептің акт залында балалар ұйымы «Менің анам, алтын!» атты әйел қауымына арналған концерттік  кеш ұйымдастырды. 
Наурыздың 6- сы күні  барлық сынып оқушылары сынып сағаттарында өздерінің аналарына,   8 наурыз халықаралық әйелдер күніне  арналған музыкалық кеш ұйымдастырды. Мұнда аналар арасында  әртүрлі музыкалық  ойындар мен сайыстар өткізілді.
    Осы 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне өткізілген іс-шаралар , әрине, зейнетте отырған қадірлі ұстаздарсыз өткен  жоқ. Оларға шақыру қағаздары таратылып, құттықтау сөздері айтылды, балалардың қолымен жасалған сыйлықтар берілді.











Комментариев нет
Просмотров: 973
Автор: b101skobilim
Сайт: www.b101.sko-bilim.kz
Добавлено: 03.03.2017 в 00:00