Ұлыстың ұлы күні
Бүгін "Меңгесер орта мектебі" КММ-де "ҰЛыстың Ұлы Күні" атты наурыз мейрамына арналған салтанатты жиын аталып өтті. Жиын барысында мектеп оқушылары мен мұғалімдер ән салып, би билеп, осынау көктем мейрамын қуана қарсы алды. Мектебіміздің директоры Шалқыма Шамғановна барша қауымға ақ батасын беріп, мейраммен құттықтады. Жиын соңында мектеп оқушылары үйлерінен әзірлеп әкелген ақ дастарқандарынан дәм татқызып, шашу шашты. Мейрам қуанышқа және шаттыққа толы өтіп, оқушылар мен ата-аналар, ұстаздардың көңілінен шықты.


















Комментариев нет
Просмотров: 687