XIV-XV ғғ қазақ халқының халық болып қалыптасу үрдісі және мәдениеті
XIV-XV ғғ қазақ халқының халық болып қалыптасу үрдісі және мәдениеті - ашық сабақ
Күні: 20.02.17 ж
Сыныбы: 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: XIV-XV ғғ қазақ халқының халық болып қалыптасу үрдісі және мәдениеті
Сабақтың мақсаты: XIV-XV ғғ халқымыздың мәдени жағдайымен, рухани,
материалдық мұраларды қайталау арқылы білімдерін ұштау
Сабақтың түрі: жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткен тақырыпты қорыту
Сабақтың әдісі: Диалогқа түсу, «Апта күндері», РАФТ, «Илюстрациялық баяндама», «Қонаққа бару күні» , «Архитектура әлемінде», «Адамдар күнделікті өмірде»
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, үлестірме қағаздар, презинтация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сынып оқушыларына сәттілік тілей отырып, түрлі түсті тастар тарату
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Апта күндері:
- ДҮЙСЕНБІ
Сабақтың басталуына жол ашу
“АДАСҚАН СӨЗДЕРДІ ОРНЫНА ҚОЙ”
МӘДЕНИЕТ САЯСАТ ЭКОНОМИКА
БИЛІК,БАСПАХАНА,НАРЫҚ,МҰРАЖАЙ, ЕСКЕРКІШ, ДЕМОКРАТИЯ, ВАЛЮТА, ҚАРЖЫ
\сынып оқушылары карточкалық кестемен жұмыс жасайды, жұлдызша алған оқушылар оқиды, 2 оқушы\
|
МӘДЕНИЕТ |
САЯСАТ |
ЭКОНОМИКА
|
|
Баспахана |
Билік |
Нарық |
|
Мұражай |
Демократия |
Валюта |
|
Ескеркіш |
|
Қаржы |
- Сейсенбі
“Қайталау –оқу айнасы”
- Этносаяси қауымдастық дегеніміз не?
- Сақ, сармат,үйсін тайпаларының келбеттері кімдерге ұқсас болған
- Қандай оқиға қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150-200 жылға кешеуілдетті?
- Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуына үлкен рөл атқарған мемлекет
- Рузбихан өз еңбектерінде қазақ халықы туралы не айтқан?
- «Қазақ» атауы ХІІІ ғасырға дейін қандай мағынада қолданылды?
\еркін адамдар\
- Шоқан Уалиханов қазақ жүздері туралы қандай пікір айтқан?
- Еліміздің «Жеті кереметін» атаңдар. \тамғалыдағы тас сурет, домбыра,
киіз үй, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Бекет ата мешіті, Бәйтерек монументі\
- Фальклор дегеніміз не?
- Тасаттық дегеніміз не?
РАФТ- Мен қазақпын \Қызыл түсті тасты алған оқушылар оқиды, 3 оқушы\
- Сәрсенбі
“Қонаққа бару күні”
Күнтас Жансұлу мен Тулемисова Дильназдың дайындаған презинтациялары тыңдалады
- Бейсенбі
“Илюстрациялық баяндама”
Жұптық жұмыс, көк тасты алған оқушылар жасаған жұмыстарын таныстырады
“Топтастыру” \дін,киіз үй,салт-сана, той, мереке ,домбыра, қобыз, жүкаяқ, текемет, өнер,әдебиет, архитектура\
Рухани мәдениет Материалдық мәдениет
- Жұма
“Архитектура әлемінде”
\Сынып оқушыларынан кесенелер туралы не білетіндерін қысқаша сұрау, картамен жұмыс жасау\
Арыстан баб
Қожа Ахмет Иасауи
Көк кесене
Алаша хан кесенесі
Рабиға бегім сұлтан кесенесі
- Сенбі
“Адамдар күнделікті өмірде”
- Бүгінгі қайталанған тақырыптарды өздеріңнің күнделікті өмірлеріңмен қалай байланыстырасыңдар?
- Қандай пәндерде бүгінгі сабақтан алған мәліметтерді пайдалана аласыңдар?
- Бүгінгі алған мәліметтерді мектептен тыс кездерінде пайдалана аласыңдарма?
- Жексенбі – демалыс
Апта бойы бірге болғандарыңызға рахмет! Жақсы демалыс тілеймін.