Аудандық "Наурыз мейрамы" атты мерекесі
Біздің ауданда қазақтың дәстүрлі наурыз мерекесін атап өтті.
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Мерекелік дастарқанға орталық мешіттен ақсақалдар және ауыл қариялары шақырылды. Шақырылған қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып Наурыз көже ұсынылды. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Қабдуалиев Д.Б. және Оқас Амангелді Наурыз мерекесіне орай бабамыздан қалған асыл мұра Айтыс өнерін келген қонақтарға тарту етті.
Ұлыстың Ұлы күніне арналған "Наурыз мейрамы" атты мерекеге қатысып, Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі "Киіз үйлер" байқауында ІІІ жүлделі орынға және ақшалай сыйлыққа ие болды.
Комментариев нет
Просмотров: 528