Наурыз мейрамы 13-20 наурыз аралығында қазақ тіл апталығы болып өтті. Берілген уақыт аралығында жұмыс жоспарына сәйкес негізгі қамтыған тақырыптарымыз аясында «Наурыз жыл басы», «Әз Наурыз», «Наурыз ұлыстың ұлы күні», «Наурыз мейрамы» атты тәрбие сағаттарын өткізіп апта соңында «Армысың наурыз» фестивалін 1-11 сыныптар арасында ауыл ауылға бөліп өткіздік.