Меню KDT

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі

Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында  8 сынып оқушыларының жауапкершілігімен, сынып жетекшісі Дюсенова Балбөбек Қалелқызы "Аялайық ананы" атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Сондай-ақ 1 сынып жетекшісі Сердалина Мақал Арапқызы "Мерекеңмен анашым" атты ертеңгілік өткізді және аналар арасында сайыс ұйымдастырды. Сайысқа Қашқымбай Әділеттің анасы, Қуанышева Мадиянаның анасы, Қарабай Нұрсаяның анашы қатысты. Сайыс 5 турда өтті: таныстыру, мақалды жалғастыру, әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік, "Шешеге қарап-қыз өсер" қолөнер сайысы, өнерлі өрге жүзер. Аналар "Биязы ана", "Мейірімді ана", "Парасатты ана" номинациялар бойынша марапатталды. Оқушылар аналарына арналған тақпақтарын, әндерін айтып, өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын сыйлады.



Комментариев нет
Просмотров: 590
Автор: b019skobilim
Сайт: www.b019.sko-bilim.kz
Добавлено: 10.03.2017 в 00:00