«Менің Отаным – Қазақстан» кітап-иллюстрациялық көрмесі
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы. Республика күніне орай мектеп кітапханасында "Менің Отаным-Қазақстан" атты кітап - иллюстрациялық көрме ашылды. "Шығыстың атақты адамдары" топтамасынан - (Абылай хан, Керей және Жәнібек, Шыңғыс хан және т.б.) кітаптарін ұсынамыз. Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихын қамтитын балалар энциклопедиялары, "Менің Қазақстаным"-"Қазақ халқының салт-дәстүрлері", "Қазақтардың ұлттық тағамдары" кітаптар сериясы ұсынылды. Ұлы жазушылардын тарихи романдарын алып оқи аласыздар.Олар- И. Есенберлин, А.Кекілбаев, С. Мұқанов, М. Әуезов, Б. Момышұлы және т. б. шығармалары
Қош келіңіздер!
Кітапхана меңгерушісі Аксютина Н.Е.




Комментариев нет
Просмотров: 163