
2024 жылдың 27 тамыз күні Әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ZOOM платформасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» атты онлайн вебинары өтті.


Вебинар барысында білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, тәрбиенің жаңартылған парадигмасы, тәрбиенің қазіргі беталысы және құндылықтар жүйесі, тәрбие құндылықтары негізінде «ДОСБОЛLIKE» жобасы іске асыру, ата-аналарды қолдау орталығы аясында жүргізілетін жобалар сонымен қоса мемлекеттік мүдделі органдармен бірлескен жобалар мен іс-шаралар талқыланды.

Комментариев нет
Просмотров: 541