Меню KDT

1 ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1 ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай, жаңа 2024 - 2025 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиыны болып өтті.
Салтанатты шараға аудандық мәслихат төрағасы Абенов Жасұлан Әлкенұлы, Шу аудандық полиция бөлімінің кәмелет жасқа толмағандардың аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Қыздарбеков Нариман Ақбергенұлы және ардагер ұстаздар, ата-аналар мен ұстаздар және қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.
Салтанатты жиынды мектеп директоры Сихимова Алтынкүл Мадиомаровна ашып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан қонақтарымыз ұстаздар мен ата - аналарды, оқушыларды мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Әрі қарай іс - шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетсе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті.
Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1 сыныпқа келген бүлдіршіндерімізге берілді.
Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!
#Bilim_guni
#Шу_ауданы_білім_бөлімі

Комментариев нет
Просмотров: 12
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.kdt.kz
Добавлено: 02.09.2024 в 13:21