Меню KDT

Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы

Сонау 1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгені баршамызға мәлім.
М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 5-қыркүйекте «Тіл –татулық тірегі!" тақырыбында тіл мерекесінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға мектеп оқушылары белсене қатысты. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" демекші, біздің ана тіліміз – атадан-балаға мирас болып жеткен асыл қазына. Қазақ тілін сүю, қадірлеу – ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз. "Қазақ тілі" туралы өлең жолдарын көркемсөз оқу шеберлері нақышына келтіре оқыды. Тілсіз бидің құдіреті шексіз. Би өнері де атадан-балаға жалғасқан ұлт қазынасы. Сахнаға биші қыздардан құралған "Шашу" би тобы өнерін тамашалады. 11- сынып оқушысы Тоқтасын Нұрхан домбырамен өз туындысын орындап көрерменді тәнті етті .Мерекелік жиын "Қазақпын" әнімен жалғасты, оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, туған жерін, тілін, Отанын құрметтеуге баулу еді. Оқушыларға даналық ағашы – адамзаттың сан ғасырлық танымдық даму барысы мен өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеретін, сананы қалыптастыратын, рухани білім жинақталатын тізбек, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағат ете отырып жинақтауымыз қажет екендігін айта отырып, даналық ағашына тіл туралы мақалдарды таратып, олардың жалғасын тауып, терең мағынасын ашу арқылы ой- өрістерін дамыту болатын. Салтанатты жиын соңында оқушылар "Ана тілім" әнін хормен орындап шықты.

Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.kdt.kz
Добавлено: 05.09.2024 в 16:50