Меню KDT

3 маусым күні мектеп жанындағы жазғы "Айгөлек" сауықтыру лагерінің екінші күні өз жалғасын тапты

Шу ауданы, Төле би ауылы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
2025 жылдың 3 маусым күні мектеп жанындағы жазғы "Айгөлек" сауықтыру лагерінің екінші күні өз жалғасын тапты. Күніміз оқушыларды сергіту мақсатында таңғы жаттығумен басталды.
Бұл балалардың бойын сергітіп, белсенді күнге оң көңіл-күймен қадам басуына себеп болды.
Бұл күні әр топтағы балалармен "Жолда жүру ережесін жадыңда ұста" тақырыбында қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Балалар жол қауіпсіздігі ережелері туралы нұсқаулықтармен танысып, сурет салып, викториналық сұрақ-жауап ойындарына белсене қатысты. Бұл іс-шара балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыруға бағытталды
Лагерь күнінің соңында оқушыларымыз жол ережелерін жетік меңгеріп, жақсы суреттер салғаны үшін грамоталармен марапатталды.
Сонымен қатар, 4 маусым – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер» күніне орай мектеп кітапханашысы А.Жанатауованың ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасының Рәміздері" тақырыбында танымдық дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар рәміздердің тарихы мен маңыздылығымен танысып, өз ойларымен бөлісті.
"Айгөлек" лагерінде танымдық, спорттық, шығармашылық бағыттағы түрлі қызықты шаралар жоспарланып отыр. Лагерь балғындар үшін шынайы қуаныш пен достық алаңына айналмақ.





Комментариев нет
Просмотров: 9
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.kdt.kz
Добавлено: 03.06.2025 в 17:11