Меню KDT

«Қарттарым – асыл қазынам»

«Қарттарым – асыл қазынам»


«Қарттарым – асыл қазынам»
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай “Жас Ұлан” ұйымы мен “Өзін-өзі басқару” ұйымының мүшелері ауылымыздың ең қарт тұрғыны – Орынбасар атамыздың шаңырағына арнайы барып, мерекемен шын жүректен құттықтап қайтты. Оқушылар атамызға ізгі тілектерін жеткізіп, шағын сыйлықтарын табыстап, көңілін көтерді. Бұл игі іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдеріне деген құрмет пен қамқорлықты көрсету, жастардың бойына мейірім мен адамгершілік қасиеттерін дарыту.
Қарттар – өткеннің шежіресі, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар берер асыл қазына. Осындай кездесулер арқылы оқушылар үлкендерді сыйлау мен қадірлеудің маңызын ұғына түседі.
https://youtube.com/shorts/W4SmWpgXfvs?feature=share


Комментариев нет
Просмотров: 9
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 01.10.2025 в 11:17