Меню KDT

⚜️ Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асу барысы бойынша ардагерлер кеңесімен кездесу өтті.


⚜️ Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асу барысы бойынша ардагерлер кеңесімен кездесу өтті.
Кездесу барысында бағдарлама мазмұнының Қазақстан тарихы сабағына кіріктірілуі, сондай-ақ тәрбие сағаттары арқылы жүзеге асырылуы жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар, мектептегі Өнер орталығының жұмысы, оқушылардың шығармашылық жетістіктері мен тәрбиелік бағыттағы іс-шаралары көрсетілді.
Іс-шара барысында тәрбие жұмысының жүйелі түрде ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, адалдық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді. Кездесу өзара тәжірибе алмасуға және мазмұнды пікірталасқа ұласты.


Комментариев нет
Просмотров: 28
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: www.cmrito.sko-bilim.agartu.kz
Добавлено: 22.12.2025 в 18:23