Меню KDT

2026 жылдың 24 сәуірінде «Педагогтердің кәсіби дамуының жаңа траекториясы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.


2026 жылдың 24 сәуірінде «Педагогтердің кәсіби дамуының жаңа траекториясы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Іс-шара білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде осы бағытта кешенді әрі стратегиялық маңызды жұмыстар жүзеге асырылуда. Аталған конференция осы бастамалардың жалғасы болып табылады.
Конференцияға еліміздің әр өңірінен келген спикерлер қатысып, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, №29 жалпы білім беретін мектебінің жас педагогтері авторлық әзірлемелерін ұсынып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану арқылы оқытудың заманауи тәсілдерін көрсетті және шеберлік сыныптарын өткізді.
Іс-шара тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және цифрландыру жағдайында білім беруді дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға арналған маңызды алаңға айналды.


Комментариев нет
Просмотров: 17
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 24.04.2026 в 18:33