«Жазғы демалыс – балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуының кезеңі»
«Жазғы демалыс – балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуының кезеңі» ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Мектебімізде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Жазғы демалыс кезіндегі оқушы қауіпсіздігін сақтау – басты міндет
2. 2026-2027 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ақпарат
(біркелкі киіну ережелері, тазалық және ұқыптылық дағдылары)
3. Бітіруші сыныптардағы (9,11) қорытынды аттестаттау туралы, аттестаттау кезінде ата-аналардан заңсыз ақша жинауға жол берілмейтіні туралы мектеп директорының бұйрығы таныстырылды.
4. Жазғы демалыс лагерлері мен мектеп жанындағы алаңның ұйымдастырылуы туралы ақпарат.
(Оқушылардың қатысуы, уақыт кестесі, жауаптылар және қауіпсіздік талаптары)
Жиналыс барысында оқу жылының қорытындылары шығарылып, оқушылардың жетістіктері мен тәрбие бағытында атқарылған жұмыстарға шолу жасалды.Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – бала тәрбиесінің берік негізі. Оқу жылы бойы қолдау білдіріп, мектеп өміріне белсенді араласқан барша ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
Барша оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен қауіпсіз жазғы демалыс тілейміз

Комментариев нет
Просмотров нет