4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің нышандары болып саналатын Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ресми түрде бекітілген күні ретінде ерекше маңызға ие. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қабылданып, жас мемлекетіміздің әлем алдындағы айқын бейнесін қалыптастырды.
Мемлекеттік Ту – бейбітшілік пен бірліктің, Елтаңба – ел тарихы мен ұлттық құндылықтардың, ал Әнұран – халықтың рухы мен отансүйгіштігінің символы. Рәміздеріміз – тәуелсіздігіміздің басты белгілері әрі әрбір қазақстандықтың мақтанышы.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы. Олар ел бірлігін нығайтып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыз ел абыройын асқақтатып, Әнұранымыз халқымыздың рухын көтере берсін!
Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ2026 жылдың 4 маусым күні «Ел рәміздері –елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» мемлекеттік Гимні орындалды. Аталған іс-шараға мектеп жанындағы алаңның 125 оқушысы және мектеп ұжымы қатысты.
.
Комментариев нет
Просмотров: 2