«Әже өнегесі – ұрпаққа аманат» шеберлік сағаты.
Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында Қарттар күніне орай «Әже өнегесі – ұрпаққа аманат» атты шеберлік сағаты өтті. Шара барысында ардақты әжелер қыз балаларға ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретіп, құрақ құраудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Қыздарымыз әжелерден өнеге алып, өз қолдарымен әсем құрақ құрастырды. Шеберлік сағаты ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталды. Әже өнегесі – ұрпаққа үлгі, ұлттық мұра – елге аманат! ВИДЕО
Комментариев нет
Просмотров: 7