Кітап – ұрпақтар арасындағы алтын көпір.
М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында Қарттар күніне орай «Кітап – ұрпақтар арасындағы алтын көпір» атты ата-әжелермен әдеби кездесу өтті. Кездесу барысында ардақты ата-әжелеріміз өздері сүйіп оқыған кітаптары туралы әңгімелеп, оқушылармен ой бөлісті. Әдеби шығармадағы әсерлі оқиғалар мен тағылымды ойлар жайында сыр шертіп, кітап оқудың адам өміріндегі маңызына тоқталды. Жылы жүздесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ата-әжелердің өмірлік тәжірибесі мен кітапқа деген сүйіспеншілігінен үлгі алды. Осындай тағылымды кездесулер ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыра түсетіні сөзсіз. Кітап – ұрпақты ұрпақпен жалғайтын алтын көпір! ВИДЕО
Комментариев нет
Просмотров: 5