Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні.
№65 мектеп-гимназиясының педагог-психологтары оқушылардың психикалық денсаулығын нығайтуға, эмоционалдық сауаттылығын дамытуға және күйзеліспен күресу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырды.
Іс-шаралар аясында төмендегідей тренингтер өткізілді:
«Менің эмоцияларым» психологиялық тренингі — 1–4 және 5–7-сынып оқушыларына арналған.
«Күйзелісті қалай басқаруға болады?» практикалық семинар-тренингі — 8–11-сынып оқушыларына арналған.
Тренингтер барысында оқушылар өз эмоцияларын түсінуге, күйзелісті жағдайларды еңсеру жолдарын меңгеруге және психологиялық саулықты сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік алды. ВИДЕО
Комментариев нет
Просмотров: 6