Меню KDT

Абай Құнанбаев 175 жыл

Абай Құнанбаевтың 175 жылғы  мерейтойына байланысты онлайн түрде

Ақсу негізгі мектебінде өткзілетін іс-шаралар жоспары


Абай Құнанбаевтың 175 жылғы  мерейтойына байланысты онлайн түрде

Ақсу негізгі мектебінде өткзілетін іс-шаралар жоспары

 

Іс -шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Абай –дара, Абай –дана қазақта» тәрбие сағаты (бастауыш сынып 1-4 сыныптар)

10.08.2020

Кокашева А.Е

Ракишева Ә.Е

2

«Абай Құнанбаев өмірі» бейнематериал (5,6,7- сыныптар)

10.08.20

Сынып жетекшілер: Ақпаев Н.Е

Канапин Д.А

3

«Қазақтың бір туар асылы- Абай» викториналық ойын 

10.08.2020

Какжанова Ж.А

4

 «Абай әлемі» кітап көрмесі

07.08-10.08.20

Мектеп кітапханашысы  : Смаилова Ш.А

 

10 тамыз күні 5,6,7 сынып оқушыларымен «Абай Құнанбаев өмірі» деген тақырыпта бейнематериал көру талқылау  өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу.

Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой- толғамдарын кеңінен дәріптеу  мақсатында өткізілген бұл іс-шарада  оқушылар Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін жатқа айтып, сабаққа белсене қатысты. Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін  мәнерлеп, аса бір  шеберлікпен орындаған оқушылар қатысушыларды тәнті қылды.

 Жалпы, оқушылардың  рухани адамгершілік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда оларға Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айткызудың  маңызы зор. Себебі, оқушылар Абай өлеңдерін жаттау арқылы ойы дамыса, ал қара сөздерін ғибрат алады. Сондықтан, қазақтың әр баласы Абай өлеңдерін жатқа білуі керек.

Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Бұл тойға әр қазақ ақын өлеңдерін жаттап, өз өміріне рухани нәр алу арқылы үлес қосты. Өз заманынан оза туған ақынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек замандарда гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

      


     

      10 тамыз күні бастауыш сынып оқушыларымен «Абай –дара, Абай –дана қазақта» деген тақырыпта сынып сағаты өткізілді.

 Оқушылар алдымен осы күнге дейін Абай атамыз жайлы білетін ақпараттарымен бөлісті.Кейін тақырыпқа сай қосымша мәліметтер берілді.

    Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаган шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари (яғни қала адамдары болып. — авт.) жауласпайды. Орысқа қарамай тұрганда қазақтың өлісінің ахыреттігін (кебінін. авт.), тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды».  Оның  ұлы ойшыл екендігі осы жолдардан –ақ көрініп тұр.Оқушыларға  Абай Құнанбаевтың жазған үзінділерінен мысалдар келтіріліп отырды.

 Оқушыларға  Абай атамыздың өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырғандығы айтылды.  Бұл сынып сағаты еліміздің ұлы ақыны,ағартушысы , жазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушысы, философ, композитор, аудармашысы, саяси қайраткері Абай атамызды жаңа қырынан ашты деп ойлаймын.

          

7 тамыз Ақсу негізгі мектебінің  8-9сынып оқушыларымен «Абай-дара, Абай- дана қазақта» викториналық сұрақтар онлайын түрінде өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірімен, өскен ортасымен, қарасөздерімен, өлеңдерімен, әндерімен, аудармаларымен таныстыру.

Оқушыларға сұрақтар қойа отырып оқушыларды Отан қорғауға, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.Сұрақ-жауап алған кезде 9-сынып оқушылары Туленова С, Қомаш Б жақсы жауап беріп    өз білімдерін көрсетті.

Абай- дара, Абай- дана қазақта,

Жол салады әр өлеңі ғажапқа.

Бар жазғаны даналық боп саналған

Жалғыздардың жалғызы ол қазақта.

     

   

              Ақсу негізгі мектебінің кітапханасында «Абай әлемі» атты кітап көрмесі өтті. Көрмеге тарих мұғалімі, ауыл медбикесі, және ауыл кітапханашысы қатысты. Көрмеде Абай Құнанбаевтың кітаптары жайлы сұрақтар қойылып, жауап берілді. Көрмеге кітапханашы Смаилова Ш.А жауапты болды.

      

 

ТІЖО: Абишева А.К.


Комментариев нет
Просмотров: 572
Автор: b1316skobilim
Сайт: www.b1316.sko-bilim.kz
Добавлено: 13.08.2020 в 11:26