«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы «Шаңырақ» атауымен құрылған оқушылар қауымдастығы – жоғары және төмен сынып оқушылары арасындағы бірлік, өзара сыйластық, ынтымақтастық, сенім, қамқорлық сезімдерін қалыптастыруға негізделген жоба. Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбіршілікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым – қатынас қалыптастыру.Мектебімізде «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығына жас аралығындағы және оқыту тілі әртүрлі екі сынып біріктіріледі (Мысалы, 5 және 8, 6 және 9, 10 және 7). Әр «Шаңырақтың» өз аты, белгілері, ұраны бар. Осы мақсатта мектебімізде 5 шаңырақ қауымдастығы құрылды. Қатарға қабылдау болып өтті, әр шаңырақ өз төсбелгілері мен ұрандарын және өнерлерімен бөлісті. Әр шаңырақ номинациялар бойынша марапатталды.
26.11.2018
Бүгін мектебімізде « Балалық шақ – зорлық, зомбылықсыз» атты сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
26.11.2018
Найдено новостей: 106472. Показано с 73761 по 73776