Меню KDT

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар «Қыздарға әсемдік жарасады» атты қалалық байқауымен жалғасты. Байқауға 9-11 сыныптар арасынан 8 үміткер қатысты. Үміткерлер байқау барысында 5 номинация бойынша сынға түсті. Байқаудың нәтижесінде 4 қыз номинация иегерлері болды. Олар: Бекболатова Мадина – Білімді қыз, Уринбасарова Айдана- Көрермен көзаймы, Иманбаева Хамида- Шебер қыз, Болатханова Арайлым- Сымбатты қыз, Теміршот Әсия- ІІІ орын дипломымен Мекебаева Асемгуль- ІІ орын дипломымен Нурмуханова Индира- І орын дипломымен марапатталды. Сонымен қатар мәжіліс залында оқушылардың өз қолдарымен дайындаған көрме ұйымдастырылды. Сынып арасындағы өткен мерекелік іс-шараларға ата-аналар да белсене қатысты.Осы мерекеге қатысқан ата-аналар қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты тағамдарды дайындау, ұлттық бұйымдарымен безендіру, бата беру салтын ұрпақтарға насихаттау, үйрету рәсімін айтып, көрсетті. Мереке барысында ерекше дайындалған сыныптарға, сынып жетекшілеріне және олардың ата-аналарына алғыс айтамыз. Әсіресе, 8 «Ә» сынып жетекшісі Б. С. Ибраеваға, 4 «Ә» сынып жетекшісі Б.Ж. Махановаға, 7 «А» сынып жетекшісі Қ.Қ. Оразбаеваға 7 «Ә» сынып жетекшісі Л.Қ. Тұрымтаеваға, 7 «Б» сынып жетекшісі Е.Д. Величкоға, 8 «Б» сынып жетекшісі З.С. Кемельбаеваға, 8 «Э» сынып жетекшісі А.С. Дузбаеваға Наурыз мерекесінің қызықты, жоғары дәрежеде, жақсы дайындықпен өтуіне қосқан үлестері үшін зор алғыс білдіреміз.

Комментариев нет
Просмотров: 291
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.03.2014 в 00:00