Меню KDT

Ел абыройын асқақтатқан Нұрлыбек

Ел абыройын асқақтатқан Нұрлыбек


Ел абыройын асқақтатқан Нұрлыбек

Өнер әлемінде ерекше дарынымен мойындалып қырандай қалықтаған таланттар көп. 5 «Ә» қазақ сыныбының оқушысы Сурпкелов Нұрлыбек солардың бірі ғана емес бірегейі. Ерекше дарын иесі жуырда ғана тәкаппар Париж бен мәңгілік Рим қалаларында өткен халықаралық байқауларда қазақ сазгерлерінің шығармаларын шеберлікпен орындап, еркетотай еуропаның талғампаз көрермендерін таңдай қақтырды. Қазылар алқасы жас талантты арнайы дипломмен марапаттады. Нұрлыбекті дүйім ел таныды. Оның есімін әйгілеп БАҚ өкілдері еліміздің түкпір - түкпіріне кеңінен хабар таратқан еді. Кәрі құрлықты мойындатқан оның сүйріктей нәзік саусақтары күйсандықтың пернелерінде жүгіре жөнелгенде алуан түрлі сиқырлы әуен төгіліп, тыңдаушы өзгеше әсерге бөлейді. Нұрлыбек - мектеп мақтанышы. Оның өнегелі өмір салты құрбы құрдастарына үлгі болатыны сөзсіз.


 


 

 

Теги:  школа .44,

Комментариев нет
Просмотров: 1091
Автор: 44mektep
Сайт: www.44.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.03.2014 в 00:00