Меню KDT

«Қазақстан-біздің ортақ үйіміз»

29 сәуір күні Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында ҚР Халықтарының бірлігі күні аясында«Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты фестиваль өтті. Фестивалдің мақсаты: тәуелсіз еліміздің  шаңырағы астында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың сал-дәстүрін, мәдениетін насихаттау; оқушылардың бойына ынтымақтастық, достық сезімдерін ұялата отырып, өзара келісімділікке, бірлікке тәрбиелеу. Фестивальға мектебіміздің 5-8 сынып оқушылары қатысып, қазақ, орыс, өзбек, украин, молдаван, грузин халықтарымен қатар жапон, испан елдерінің ұлттық киімдерін киіп, әндері мен билерін көрсетті және ұлттық тағамдарын жасап әкелді. Фестиваль соңында қатысушылардың барлығы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Комментариев нет
Просмотров: 292
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 30.04.2014 в 00:00