Меню KDT

Итоги конкурса "Письмо ветерану"

В нашей школе прошел конкурс "Письмо ветерану", посвященный 69-летию Победы в Великой Отечественной войне. Сочинения, написанные детьми затронули наши сердца. По итогам конкурса мы хотим ознакомить Вас с лучшими из них.


В нашей школе прошел конкурс "Письмо ветерану", посвященный 69-летию Победы в Великой Отечественной войне. Сочинения, написанные детьми затронули наши сердца. По итогам конкурса мы хотим ознакомить Вас с лучшими из них.

Уважаемый Ахметжан-ата!

 Поздравляю Вас с Днем Победы!

Вы прошли дорогами войны от Москвы до Калининграда. Вы каждым днем своим приближали День Победы, который наконец-то наступил. День Победы роднит и объединяет не только граждан Казахстана, но и наших ближайших соседей в странах Содружества, чтящих память великого воина – освободителя.

69 лет назад отгремели последние залпы Великой Отечественной Войны. Войны, которая оставила после себя сотни тысяч разрушенных городов, миллионы искалеченных судеб, унесла огромное число человеческих жизней.

Величайшие трагические события выпали на Вашу долю. Мы восхищаемся Вашим подвигом. Мы преклоняем головы перед подвигом самопожертвования тех, кто не дожил до Дня Победы.

Мы благодарим Вас, наши дорогие ветераны. Мы гордимся величием Ваших судеб. И рады, что сегодня вы рядом с нами, что мы вместе встречаем Великую Победу.

Как и для многих семей нашей Родины, для моей семьи память о Великой Отечественной Войне свята. Треугольники фронтовых писем хранятся в нашей семье как священные реликвии, наряду с полученными прадедом наградами.

Прадеда уже нет в живых, но все мы - его дети, внуки и правнуки помним рассказы о Великой отечественной войне. О том, какой вероломный и страшный удар был нанесен нашей Родине. О том, как долгих четыре года народ героически боролся и защищал свое Отечество. О том, как в едином братстве народов мой прадед вместе с русскими, узбеками, украинцами, грузинами, киргизами, белорусами защищал свою Родину, отстаивал свою свободу, изгонял фашистских оккупантов с родной земли и разгромил врага на его же земле-Германии! Эти рассказы, услышанные в раннем детстве, отложились в моей памяти навсегда!

Оказываясь рядом с памятниками павшим воинам Великой Отечественной войны, каждый вспоминает о том, что благодаря Вашему мужеству и героизму мир был спасен от фашизма.

И сегодня Ваши дети, внуки и правнуки держат равнение на Вас и готовы защищать суверенитет и достоинство нашей Родины. Готовы как Вы — жить, трудиться и побеждать!

Слава солдатам Великой Отечественной войны! С праздником Вас дорогие ветераны! С Днем Победы!

Желаю вам, чтобы жертва вашего поколения никогда не была забыта, чтобы тот ужас который вы пережили не повторился впредь и в завершении желаю Вам, чтобы Вы были с нами как можно дольше.

С уважением огромным правнучка Вашего друга и товарища Таджибая Сарсембекова Дамиля ученица 8 класса «Б» школы-гимназии №17, г. Астана

Ардагерге хат


                        Сен құрметте оны,   
         Түсіндің бе, қарағым,
         Ол ақшаға сатқан жоқ,
         Тізеден кесіп аяғын,
         Кеше елге қатер төнгенде,
         Ол жауға қарсы шапты,
         Жалмамақ болған біздерді

          Өр кеудесімен жапты...

Қазақ - батыр да намысшыл халық, тарих пен тағдырдың талай өткелінен сүрінбей өткен халық.

Ел басына қиын – қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны қалғанша қорғағанына өткен тарих куә. Халық басына осындай қиын-қыстау заман туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек батыр ұлдары елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды. Сол жеміс пен ар-намыстан қуат алған, елі үшін қызмет еткен батырларымыз азайып барады. Биыл Ұлы Жеңістің аяқталғанына 69 жыл толыпты. Біз еркін даланың еркін өсіп келе жатқан жастары соғыстың не екенін тарих беттерінен ғана оқып білдік. Мектептегі ұстаздар өткен күнге шолу жасап үнемі айтып беріп отырады. Сынып жетекшіміз, Айгүл Зияшқызымен Астана қаласындағы қарттар үйіне барғанда соғыс ардагерлерімен кездестік. Жастық шақтың жалындаған шағын толарсақтан саз кеше жүріп, Отан деген ұлы сезім үшін кеуделерін оққа төсеп, Жеңіс күнін жақындатуға жұмсаған Ұлы Отан соғысының жауынгерлері үшін мамырдың 9-ы өліп-тірілген күнмен бірдей екенін білдік. Қаншама боздақ бұған жете алмай, қыршынынан қиылыпты. Жеткендерінің алды бүгін тоқсаннан асқан, соңы сексеннің сеңгіріне шыққан ақ жаулықты әжелер мен аталар екен.

         Ол кісілердің көздерінен шыққан ащы жасты көрдік.Ардагерлер өздерінің қиын да қызық тағдырларымен бөлісті. Жасаған ерліктерін айтты. Біз ұйып тыңдыдық. Кейбір балалар да ерлік жасағылары, батыр атанғылары келді. Әрбір оқушының көкейінде ардагерлерге деген ыстық сезім пайда болды. Мен осындай кездесулер жиі болса екен деймін.  

Ата-бабамның төгілген маңдайының ащы терінің жемісі, жастардың алау боп жанған ар-намысы - бүгінгі гүлденген елім, көркейген далам көсіліп жазылар дастаны. Қазағымның бүгінде өзгелермен терезесі тең.

        Жас ұрпақ Сіздердің алдарыңызда борышты. Олар Сіздер қасық қандарыңыз қалғанша күресіп, жаудан аман-есен қалған бейбіт өмірдің баға жеткізгісіз қымбат екендігін біліп, оның өмір бойы аялап өтеді.

Кейінгі ұрпаққа, «әне, Отан үшін от кешкен аталар, соған ұқсап бақ!» деп айта алатын кезеңдеміз. Сол үшін де бақыттымыз! Сіздерге мың алғыс, құрметті ардагерлер!

Анэль Арыстанова
№17 мектеп-гимназиясының
6 «А» сынып оқушысы

Письмо – сочинение, посвященное ветерану Великой Отечественной войны - моему прадеду Бекмагамбету Смаилову.

Война…Страшное слово, от которого стынет кровь и замирает сердце. Любая война приносит только слезы, разлуку, смерть…

Нельзя забывать историю своей страны, тем более историю своей семьи, своих предков. С раннего детства я слышала рассказы о войне. Эта чудовищная «машина фашизма» коснулась и моих близких родственников. О подвигах, совершенных моими родными во время Великой Отечественной войны, можно рассказывать долго. Но я хочу рассказать об очень короткой, но яркой и неповторимой жизни моего прадеда.

Бекмагамбет Смаилов родился в 1926 году в Костанайской области. Учился в школе отлично, но окончить среднюю школу не пришлось – началась война. Пошел работать в колхоз помощником бригадира тракторной бригады. В то время все дети и взрослые вносили посильный вклад для скорейшего освобождения от гнета фашистской Германии.

Отец Бекмагамбета Смаил и брат Тобеден были призваны на фронт, но защищать Родину пришлось недолго – они погибли в 1941 году, в первые месяцы войны. В 1944 году Бекмагамбет в возрасте 18 лет был призван в армию и направлен на краткосрочный курс в танковое училище в город Красноярск. Окончил училище, направлен на фронт. Геройски воевал водителем танка. В феврале 1945 года при освобождении города Кенигсберга погиб смертью храбрых.

Вот так закончилась жизнь молодого танкиста, мечтавшего о светлом будущем…

Память о Смаилове Бекмагамбете Смаиловиче и о других моих родственниках, погибших в годы войны, будет передаваться в нашей семье из поколения в поколение.

Никто не забыть. Ничто не забыто.

Наши прадеды и деды.

Целый мир спасли от бед,

И гремит салют Победы,

Словно эхо грозных лет!

Я считаю, нашему поколению нужно учиться у прадедов. Ведь они готовы были пожертвовать жизнь ради спасения Родины. Я преклоняюсь перед каждым солдатом и горжусь, что в нашей стране были такие люди.

Кабдешева Айсулу.

                                               Ардагерге хат

         Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагері! Денсаулығыңыз қалай? Бізде бәрі жақсы. Күн нұры жерге жылуы мен жарығын төгіп тұрған ашық аспан астында алаңсыз өмір сүріп жатырмыз. Біз бақыттымыз! Осындай бейбіт өмір сыйлаған, сұм соғысты жеңген сіз сияқты ардагерлерге мың да бір рахмет! Сіздер біз үшін, келер ұрпақ үшін өз жандарыңызды, өмірлеріңізді қатерге тіктіңіздер. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында қолдарыңызға қару алып, жаумен шайқасып, ерлік көрсеттіңіздер. Жастық өміріңізді құрбан етіп, ашаршылық пен көп қиыншылықтарды бастан кешірдіңіздер.

         Жеңіс елімізге оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімдері мен рухтарының мықтығымен келді.

         Жеңіс Отан үшін мерт болған ерлердің қанымен, тылдағы аналарымыздың маңдай терімен, қажыр-қайратымен, халықтың ынтымақ-бірлігімен келді. Сіздің майданда жасаған ерліктеріңізді әр уақытта құрметтейміз. Сіз бізге жауды жеңе отырып, ашық аспан астында жарқын өмір сыйладыңыз. Сондықтан да Ата мен сізді құрмет тұтамын, сізбен мақтанамын, әрқашанда ауырмаңыз, деніңіз сау болсын!

         Сіздер алып келген Жеңістің 69 жылдық мерекесі құтты болсын!

Жан ауыртар сол сұрапыл соғыс жылдарын еске алсаңыздар, көздеріңізге еріксіз жас үйіріледі. Жыламаңыз, ата! Біз бейбітшілік аясында, тәуелсіз елде мұң-қайғысыз өмір сүріп жатырмыз.

Біз, қазіргі заман ұрпақтары дүниені дүр сілкіндіретін Ұлы Отан соғысын мәңгілік еске сақтауға, ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата- бабаларымыздың рухын мәңгілік жадымыздан шығармауға ант береміз!

Игі құрметпен бас июші немереңіз Гүлбақыт

6 - сынып оқушысы
Қонай Гүлбақыт
№17 мектеп-гимназиясы

 

 

Письмо – сочинение, посвященное ветеранам
Великой Отечественной войны - моим прадедам.

Война – это как волк, который приходит к твоему родному порогу.

Мое сочинение посвящается моим прадедам. Отцу моей бабушки и его родному младшему брату. Старшего брата звали Абиль, младшего – Камиль. О них мне рассказывала моя бабушка. Тогда она была маленькой. Ей было всего восемь лет. Когда Камиля забрали на войну, ему было примерно тридцать лет. Он, к сожалению, так и не успел создать семью. До войны Камиль работал заведующим продуктовым складом.

Осенью тысяча девятьсот сорок второго года он отправился защищать Родину. Примерно месяц Камиль обучался курсу молодого бойца. После курсов его забрали на фронт, но не сказали, куда именно отправляют. Через некоторое время домой пришло от него письмо, в котором сообщалось, что он воевал в Астрахани и на Курской дуге. В тысяча девятьсот сорок третьем году Камиль написал очередное письмо. В нем говорилось, что он был легко ранен и попал в госпиталь. Легкораненные всегда возвращались на фронт. И Камиль продолжал исполнять свой долг. Продолжил свою войну он уже в Сталинграде. В тысяча девятьсот сорок третьем году домой пришла печальная весть о том, что Камиль геройски погиб, защищая Родину. Погиб он под Курском. Не все умели тогда читать, но даже не умеющий читать человек знал, что это письмо – в треугольном конверте – с печальной вестью. Бабушка рассказывала, что это письмо называли «қара қағаз», то есть «черное письмо». Похоронен он, как и все солдаты, в братской могиле. Бабушка до последних своих дней не верила в то, что его больше нет.

Бабушкин отец, звали его Абиль, получил бронь и остался работать в тылу. Он работал на танковом заводе. Там производили гранаты. Ныне это насосный завод, который находится по улице Валиханова в нашем городе.

Я горда за своих предков, за то, что в нашем роду есть такие герои – защитники и патриоты своей Родины.

Искакова Малика.

 Ардагерге хат

Соғыс...Қатыгез, сұрапыл соғыс...1941жыл – ұмытылмас жыл, ұмытылмас соғыс. Қанша адам, қанша жауынгер, қаншама жанның қаны төгілді. Қаншама жастардың армандары, қойған мақсаттары бір сәтте жоқ болды. Сонда бұл не үшін? Соғыс – күйретуші күш. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін соғыс. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Себебі соғыс мыңдаған адамдардың жанын алған. Неге? Неге бұлай болды екен? Соғыс не себепті болды? Жер жетіспеді ме? Жоқ, әлде сөзге келісіп, ұрыс пайда болды ма екен? Жер үшін ұрысса, осы әлемде жерден көп нәрсе жоқ қой?! Ал егер ұрыс пайда болса, оны да бейбіт жолмен шешуге де болады ғой?! Бірақ неге? Не үшін? Не себепті адамдар бір-бірін өлтіреді? Кек пе, әлде жүректегі намыс па, қорлық па? Не? Мүмкін бұл сұрақ көптеген адамдарды мазалап жүрген болар... Дегенмен, өзінің туып-өскен туған жері үшін соғысқа аттанған әрбір жан біздің жүрегіміздің түбінде. Қазіргі адамдардың жер басып жүруі, бақытты ғұмыр кешуі сол сұрапыл соғыстағы жауынгерлердің арқасында...

  1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысына облысымыздан 140 мың адам аттанған. Сол соғыстан тек 46 мыңы ғана оралған болса, қазіргі кезде 550 ғана арамызда, олардың көбісі мүгедектер. Сол үшін де әр бала қатыгез соғыстың ардагерлерін қадірлеп, ешқашан ұмытпауы тиіс. Ешкім де ұмытылмас, ештене де ұмытылмайды.

Сұрапыл жылдары майданға аттанып, еліміздің бейбіт өмір сүруі үшін қан кешіп, құрбан болған майдангерлер есімізден, жүрегімізден кетпейтіні сөзсіз. Дәл осы кісілердің арқасында еліміз тәуелсіздігін алып, бүгінгі ұрпақ бақытты өмір кешуде, сондықтан да басын қатерге тігіп, бейбіт пен бақытты болашақ үшін күрескен ардагерлерге мың тағзым! Соғыс жылдарында көптеген қиындық көрген, алайда жеңіске жеткен, кешегі ерлік пен ерліктің куәсіндей жауынгер, бүгінгі бейбіт өмірдің тілеуқор ардагері, менің атам – Жиганшин Нуредин Жиганшаұлы.

  «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра», - дейді халық даналығы. Даналық – өткеннің тәжірбиесін қорытатын, қазіргі жағдайды зерделі талдайтын және болашақты көре білетін шығармашылық ойдың қаймағынан тұрады. 1925 жылы 3 наурызда Ақмола облысында дүниеге келген атам 1942 жылы Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылып, азаматтық парызын өтеді. Ол кезде атам 17 жастағы жігіт еді. Ол өзінің борышын Сталинград қаласынан бастап, Берлинге дейін жетіп, 1950 жылы туған еліне оралады. 1951 жылы атам Мырзабекова Дыбысжан Мырзабекқызына үйленіп, 8 бала тәрбиелеп, ер жеткізді. Олардан 22 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. Атам соғыс жылдарында алдыңғы толқынның отансүйгіштік пен ержүректік ақыл қасиеттерін өскелең ұрпақ бойына сіңіруге бағытталған.

Аттандырдым майданға,

Аман-есен жүр балам.

Абыройға ие бол,

Ағат баспа бір қадам .

Атақ берген атаңа,

Ел қадірін біл балам!...

Саған айтқан сөзімнен,

Сабақ алсын тыңдаған,

-деп Жамбыл атамыз айтқандай ел менен жер үшін күшіңді аяма, Отан алдыңдағы борышымызды өтеуіміз керек.

  Азаматқа өмірден ар қымбат, өлімнен ұят күшті. Сол сияқты менің атам ешқашан өзінің еліне опасыздық, сатқындық жасамаған, керісінше алдына туған қиындыққа төтеп беріп, халық үшін, атамекен жері үшін, ұрпақ үшін, тәуелсіз елі үшін күрескен жан. Сондықтан да мен атамды бәрінен де биік қойып, ардақтаймын.

Атамның мейрамы – 9 мамыр мерекесі бәрімізге тыныштық әкелсін деп тілейміз. Жеңіс атты қуанышты жарқырата жазуға үлес қосқан жауынгер қарттарымыз аман болсын. Жүздеріңізді мұң шалмасын, көңілдеріңізге кірбің түспесін, қатарларыңыз азаймасын, сіздерге құрмет, есімдеріңізге тағзым етемін.

Мына өлең жолдарын мен өзімнің сүйікті атама арнаймын:

Сол ұзақ күн жылдағы,

Қара аспан жаудырған.

Қан төгілді, жан берілді.

Сол сұрапыл соғыста.

 

Шақырылып соғысқа,

Жігіт еді сол кезде.

«Қорықпайм!» - деп атам менің,

Қару алды қолына.

 

Жақындатып алысты,

Жалындатып намысты.

Атам барды соғысқа,

Ту көтерді майданда.

 

Ел намысын қорғаған,

Ер намысын қолға алған.

Қызмет үшін, халық үшін,

Өтеп шыққан парызын.

 Нуркишева Жанель
8-сынып оқушысы
№17 мектеп-гимназиясы
Письмо – сочинение, посвященное
ветерану Великой Отечественной войны Бигибай Закарие.

В этом году мы празднуем 69-летие Победы в Великой Отечественной войне. Время все дальше отодвигает нас от тех лет, но оно не властно над памятью, передающей из поколения в поколение нравственную суть подвига, совершенного советским народом во имя спасения человечества от фашизма. Я не могу в полной мере ощутить ту боль и страдания, которые выпали на долю участников той войны, но хочется разобраться, что стояло за героизмом, питало его, было его почвой. Что позволило в «сороковые роковые» не просто выстоять и победить, но и остаться в этой жестокой борьбе человеком? Какими были те, кому мы обязаны своей жизнью?

По рассказу моей бабушки по соседству с ними жил Бигибай Закария. Участник Великой Отечественной войны. Он служил на морфлоте. Когда фашисты начали обстреливать их, снаряд попал в корабль, где он служил. Он один из первых оказался рядом со снарядом, но, не растерявшись, снял свою тельняшку и закрыл его своим телом. Только по счастливой случайности боец остался жив. Ранен, но ЖИВ! И таким образом, сам остался жив и спас корабль, всех людей, которые находились на нем.

За этот подвиг Белгибай Закария получил звание Героя Советского Союза.

В честь ветерана в Восточно-Казахстанской области, в Абайском районе назван совхоз, в котором он жил. А также в городе Алматы в парке имени 28 гвардейцев–панфиловцев установлена мемориальная доска, посвященная Белгибаю Закарие.

Моя бабушка долгое время жила по соседству через стену с Белгибаем Закарией. И эту историю он не раз рассказывал моей маме и дядям, всегда говорил о патриотизме. И желал, чтобы и следующие поколения были патриотами своей страны, своей Родины.

Сейчас уже не бабушка, а наша мама рассказывает нам, своим детям и внукам, соседям и знакомым о подвиге дедушки Закарии.

Кыпшак Бейбарыс

Ардагерге хат

      Отанын оттан қорғаған, біздің осындай бейбіт өмір кешуімізге өз үлесін қосқан АТАМА!

     Сәлеметсіз бе ардақты ата? Аз уақыттан кейін сіздердің арқаларыңызда келген Жеңіс күнін тойлаймыз. Әр жеңіс күні біздің де отбасымызда үлкен дайындықпен атап өтіледі. Себебі, менің атам да осы жеңістің келуіне атсалысқан. Бірақ атам қазір арамызда жоқ болса да біз үшін осы мереке ерекше. Біз,бейбіт елдің балаларымыз, армандарымыз да тілектеріміз де орындалады. Осы күнге сіздердің де жеткендеріңізге қуаныштымын. Мен соғысты тек кинолардан көремін де, аталарымыздың ерлігіне басымды иемін. Мен жақында «Қасым» деген кино көрдім де соғыста көп адамның ішінде біздің атамыздың ерлік жасағанына қуандым. Егер соғыстағы әр адамның ерлігін жазар болса, таусылмас хикая болар еді. Сізде сондай атаққа лайық батырсыз. Мен кеудесіне орден таққан атамның суретін көріп, әрдайым мақтанышпен қарайтын едім. Әр мерекеде әкем бізді «Жеңіс» саябағына апарып сол жерде тасқа қашалып жазылған атамның атын оқытатын еді. Мен сонда жан- жағыма қарап менің атам батыр деп айтқым келетін еді. Ал менің 97 жастағы әжем маған атамның ерлігімен қоса өздерінің де тылда істеген жұмыстарын әңгімелеп береді. Мен сонда таң қалатынмын, «Соғыс неге болды екен?» деп. Менің жүрегімде сол кезде «Ешқашан соғыс болмасыншы» деген тілек тұрады. Біздің бейбіт елдің бақытты балалары болғанымыз сіздердің арқаларыңыз деп ойлаймын. Осындай көркем Астанамыз бар, ұйқымыз тыныш, қарнымыз тоқ болғаны үшін сіздерге қандай құрмет көрсетсек те көп болмайды деп ойлаймын.Соғыстың біткеніне көп уақыт болса да, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Бұл мереке ержүрек батырлықтың, төзімділіктің белгісі ретінде мәңгі тойланатын той болмақ. Осындай бейбіт заманда да соғыс болып жатқан елдер бар. Сондай соғыс ешқашан болмасын. Аналары балаларын жоқтамасын, балалары әкелерін сағынбасын. Ешқашан соғыс өрті тұтанбасын. Менің сізге деген тілегім әр мерекеге аман есен жете беріңіз, біз сияқты балаларға үлгі болыңыздар. Мен хатымның соңында ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды, бізге сыйлаған бейбіт өмірлеріңізде күлкіміз тиылмасын.

Сізге құрметпен хат жазушы Бағила деген қызыңыз.

 

Ардагерге хат

       Құрметті ардагерлер! Мен өзімнің , яғни , жас ұрпақтың атынан сізге хат жазып отырмын.

       Бомба…Жарылыс…Атыс…Қан…Көз жасы…Өлім…Осы сөздерді айтқанда денең түршігеді, себебі бұл соғыстың көріністері. Соғыстың адамзат баласына әкелген қайғы-қасіретін жеткізу мүмкін емес. Бұл соғыстың кесірінен қаншама адам қаза тапты.

       1941 жылы фашист әскері КСРО-ға шабуыл жасағаннан бастап, миллиондаған адамның жүрегінде қорқыныш пайда болды. Қаншама аға-апаларымыз бейбіт өмірді орнату үшін соғыс алаңына шықты. Олар туған жері, елі, ұрпақтың келешегі үшін өз өмірлерін қиюға да дайын болды. Денесін оқ пәршелесе де жеңіске ұмтылды. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегелдинов сияқты қазақ батырларымыз «Елім, жерім, Отаным» деген жүрекке жылы ұрандарды мәңгі есінде сақтап, еліміздің патриоты екендігін дәлелдеді.

   Сөйтіп, көп жылдар бойы аңсаған армандары ақиқатқа айналды. Жеңіс туымыз желбіреп, жұрт бейбіт өмірге қадам басты. « Жеңіс» әр адамның бойында жүрекке жылы сезімді ұялатты.

     Қымбатты ардагерлер! Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 69 жыл толды. Сіздердің арқаларыңызда Қазақстан тәуелсіз ел болды. Ендігәрі елімізді көркейтуге, әрі қарай дамытуға уәде беремін. Сіздердің жасаған ерліктеріңізбе біз әрқашан бас иеміз!

Рүстемова Диана
6-сынып оқушысы
№ 17 мектеп-гимназиясы




Комментариев нет
Просмотров: 1283
Автор: 17mektep
Сайт: www.17.astana-bilim.kz
Добавлено: 08.05.2014 в 00:00