Меню KDT

Соңғы қоңырау

25.05.2014 жылы сағат 10:00-де Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының түлектері соңғы оқу жылын аяқтады. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салатанатты мерекеміз өтті. 11 «А», 11 «Ә», 11 «Б», 11 «В», 11 «Э» сынып түлектеріне мектеп директоры Г.М. Шаймердинов алдарындағы тұрған үлкен сын ҰБТ-де сүрінбей, жақсы көрсеткіштерімен өтулеріне тілек білдірді. Мектеп ардагерлері физика пәні мұғалімі Б.М.Қиялбаева және орыс тілі пәні мұғалімі Р.К. Кабулова шәкірттеріне ақ жол баталарын берді. Бұл күн біздің қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәттің бірі болды. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, болашаққа үлкен үмітпен атанғалы тұр.

Комментариев нет
Просмотров: 203
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.05.2014 в 00:00