Меню KDT

«Туған тілім- тірлігімнің айғағы»

Қазақ тілі-дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Қазақстанның болашағы да осы   қазақ тілімен байланысты. Осыған орай жыл сайын біздің еліміз 22 қыркүйек- «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» мейрамын атап өтеді.Біздің де мектепте
осы тіл мейрамын атап өтуде қалыс қалмады.
Осыған орай қазақ тілі пәнінің мұғалімдері       Мухтарова Г.Қ мен Ташмағанбетова Б.М қыркүйектің он алтысы  күні 6-7 сыныптар аралығында «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағын өткізді. Сайыс сабағы тартымды әрі қызықты өтті. Оқушылар бұл сайыс сабаққа өте жақсы дайындықпен келген. Олар тіл туралы мақал- мәтелдер айтып, тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп айтудан жарысты. Өздерінің актерлік қабілеттерін де таныта білді.
Бұл сайыс сабақта 7 сынып оқушылары бірінші орынға ие болды.Олар өздерінің нағыз тіл жанашырлары екенін таныта білді. Қалған топтар да қалыс қалмады, олар да белсене қатысты. Барлық қатысқан топтар мақтау қағаздарымен марапатталды



Комментариев нет
Просмотров: 556
Автор: 45mektep
Сайт: www.45.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.09.2014 в 15:00