Меню KDT

Айдыны кең арқалы ақын

2015 жылдың 27 ақпаны күні мектебімізде қалалық  Ғафу Қайырбеков оқулары өтті.

Ғафу  оқуларының басты мақсаты мен міндеттері:

- Қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ғафу Қайырбековтің  шығармаларын насихаттау;

- Қалалық  жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума – талант, табиғи дарындарын анықтау.

- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең-сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

- Жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

Сайыс екі бөлімнен тұрды:

  1.   айдарында  ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы. Оқушы Ғафу Қайырбековтің  бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқыды, сонан соңәділ қазылар алқасы №1 қосымшада өлеңдер тізімі бойынша кез келген өлеңді жалғастыруын талап етті.
  2. «Ғафу ізімен... » айдарында оқушылар өз төл туындыларын оқыды.

Жыр додасына әділдік жүргізген сарапшы әділ-қазылар:

  1. Қайырбеков Бақыт Ғафуұлы – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті, Ғ. Қайырбековтің  ұлы
  2. Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы  - ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы, кинодокументалист, тележүргізуші, мәдениет қайраткері, Ғ. Қайырбековтің  шәкірті. Әділ қазылар алқасының төрағасы
  3. Қасқатаева Нұрзила Ғалымжанқызы – «Тілдерді дамыту басқармасының» тілдерді дамыту  бөлімінің басшысы
  4. Баяхметбаева Күнімбала Ізтілеуовна – Астана қалалық Білім басқармасының әдіскері
  5. Кампитова Салтанат Амановна - Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі
  6. Нурекенова Алма Абдуахитовна  - Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі.

Ғафу Қайырбеков ақын ретінде, азамат ретінде қалың қазаққа кеңінен танылып, жарық жұлдызына айналған. Қазақ поэзиясы жасап тұрғанда, қазақтың рухани байлығы бар кезде оның есімі еш уақытта ұмытылмайды. Оған өз бақтарын сынауға қала мектептерінен келген  70 оқушының өнері дәлел. Ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқып қана қоймай, жүрек жарды жырларын да арнады. «Бап шама ба, бақ шаба ма» демекші, өнер жолына түсіп, албырт та шығармашылық шабытын аша білген мыңнан жүйріктер де осы жерде танылды. Сонымен тұғыш рет ұйымдастырлып отырған қалалық «Ғафу оқулары» байқауының жеңімпаздары, І дәрежелі диплом иегерлері: №68 орта мектептің 7-сынып оқушысы Мысырғажы Мадияр («Айдыны кең арқалы ақын» айдарында  ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы бойынша), №35 орта мектептің 10-сынып оқушысы Канафин Әділет («Ғафу ізімен... » айдарында өз төл туындыларын оқу байқауы бойынша). ІІ дәрежелі диплом иегерлері: №37 орта мектептің 5-сынып оқушысы Құдайбергенова Дильназ, №55 орта мектептің 9-сынып оқушысы Абдығали Алихан («Айдыны кең арқалы ақын» айдарында  ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы бойынша), Ғ. Қайырбеков атындаға №2 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Қуанышева Аяулым, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Алданазарова Қадыргүл («Ғафу ізімен... » айдарында өз төл туындыларын оқу байқауы бойынша).  ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Ғ. Қайырбеков атындаға №2 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы  Ертаева Меруерт, №61 ота мектептің 9-сынып оқушысы Өтепберген Арайлым, №50 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Шайхыслам Рабиға («Айдыны кең арқалы ақын» айдарында  ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы бойынша), №3 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Байбейсенова Сымбат, №62 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Шүйінішбай Аяжан, №50 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Есқара Аяжан («Ғафу ізімен... » айдарында өз төл туындыларын оқу байқауы бойынша). «Өнерлі өрге жүзеді» деген екен халқымыз. Арамызда  өнерге қанат қаққан жас өрендеріміз баршылық. Олардың бірі  өрелі сөзден өрнек өріп, жыр жазса, енді біреуі шеберлікпен  ақынның шығармаларын тереңнен сезініп, жатқа оқыды, сондықтан Ғафу ақын өлеңдері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында,  азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр. Оның өлеңдері – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына. Қалалық Ғафу оқуларына қатысушы қонақтарға, оқушыларға. ұстаздарға  алғысымыз шексіз.


2015 жылдың 27 ақпаны күні мектебімізде қалалық  Ғафу Қайырбеков оқулары өтті.

Ғафу  оқуларының басты мақсаты мен міндеттері:

- Қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ғафу Қайырбековтің  шығармаларын насихаттау;

- Қалалық  жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума – талант, табиғи дарындарын анықтау.

- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең-сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

- Жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

Сайыс екі бөлімнен тұрды:

  1.   айдарында  ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы. Оқушы Ғафу Қайырбековтің  бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқыды, сонан соңәділ қазылар алқасы №1 қосымшада өлеңдер тізімі бойынша кез келген өлеңді жалғастыруын талап етті.
  2. «Ғафу ізімен... » айдарында оқушылар өз төл туындыларын оқыды.

Жыр додасына әділдік жүргізген сарапшы әділ-қазылар:

  1. Қайырбеков Бақыт Ғафуұлы – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті, Ғ. Қайырбековтің  ұлы
  2. Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы  - ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы, кинодокументалист, тележүргізуші, мәдениет қайраткері, Ғ. Қайырбековтің  шәкірті. Әділ қазылар алқасының төрағасы
  3. Қасқатаева Нұрзила Ғалымжанқызы – «Тілдерді дамыту басқармасының» тілдерді дамыту  бөлімінің басшысы
  4. Баяхметбаева Күнімбала Ізтілеуовна – Астана қалалық Білім басқармасының әдіскері
  5. Кампитова Салтанат Амановна - Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі
  6. Нурекенова Алма Абдуахитовна  - Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі.

Ғафу Қайырбеков ақын ретінде, азамат ретінде қалың қазаққа кеңінен танылып, жарық жұлдызына айналған. Қазақ поэзиясы жасап тұрғанда, қазақтың рухани байлығы бар кезде оның есімі еш уақытта ұмытылмайды. Оған өз бақтарын сынауға қала мектептерінен келген  70 оқушының өнері дәлел. Ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқып қана қоймай, жүрек жарды жырларын да арнады. «Бап шама ба, бақ шаба ма» демекші, өнер жолына түсіп, албырт та шығармашылық шабытын аша білген мыңнан жүйріктер де осы жерде танылды. Сонымен тұғыш рет ұйымдастырлып отырған қалалық «Ғафу оқулары» байқауының жеңімпаздары, І дәрежелі диплом иегерлері: №68 орта мектептің 7-сынып оқушысы Мысырғажы Мадияр («Айдыны кең арқалы ақын» айдарында  ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы бойынша), №35 орта мектептің 10-сынып оқушысы Канафин Әділет («Ғафу ізімен... » айдарында өз төл туындыларын оқу байқауы бойынша). ІІ дәрежелі диплом иегерлері: №37 орта мектептің 5-сынып оқушысы Құдайбергенова Дильназ, №55 орта мектептің 9-сынып оқушысы Абдығали Алихан («Айдыны кең арқалы ақын» айдарында  ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы бойынша), Ғ. Қайырбеков атындаға №2 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Қуанышева Аяулым, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Алданазарова Қадыргүл («Ғафу ізімен... » айдарында өз төл туындыларын оқу байқауы бойынша).  ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Ғ. Қайырбеков атындаға №2 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы  Ертаева Меруерт, №61 ота мектептің 9-сынып оқушысы Өтепберген Арайлым, №50 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Шайхыслам Рабиға («Айдыны кең арқалы ақын» айдарында  ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы бойынша), №3 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Байбейсенова Сымбат, №62 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Шүйінішбай Аяжан, №50 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Есқара Аяжан («Ғафу ізімен... » айдарында өз төл туындыларын оқу байқауы бойынша).«Өнерлі өрге жүзеді» деген екен халқымыз. Арамызда  өнерге қанат қаққан жас өрендеріміз баршылық. Олардың бірі  өрелі сөзден өрнек өріп, жыр жазса, енді біреуі шеберлікпен  ақынның шығармаларын тереңнен сезініп, жатқа оқыды, сондықтан Ғафу ақын өлеңдері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында,  азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр. Оның өлеңдері – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына. Қалалық Ғафу оқуларына қатысушы қонақтарға, оқушыларға. ұстаздарға  алғысымыз шексіз.


Комментариев нет
Просмотров: 580
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.02.2015 в 00:00