Меню KDT

Cеминар тақырыбы: Мұғалімнің шеберліктерін инновациялық үдерісте шыңдау. Мақсаты: Жас мамандарға оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің тиімділігін іс –тәжірибеге енгізу жолдарына бағыттау.

Жас ұстаздардың оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырушылық әдіс-тәсілдерін меңгеру болып табылады.


2015 жылы 26 ақпанда №55 орта мектепте Жас мамандарға арналған қалалық семинар өткізілді.

Жас мамандарға арналған семинардың тақырыбы: Мұғалімнің шеберліктерін инновациялық үдерісте шыңдау.

Мақсаты: Жас мамандарға оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің тиімділігін іс –тәжірибеге енгізу жолдарына бағыттау.

 

Жас ұстаздардың оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырушылық әдіс-тәсілдерін меңгеру болып табылады.

XXI – ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Олай болса, мектептегі білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруы тиіс. Педагогика мен психология ғылымдарындағы тың жаңалықтармен тапысып, өз ісінде оңтайлы қодану үшін үнемі оқу, іздену қажеттігі-өмір талабы.

Қазіргі таңда мұғалім еңбек нарығында бәсекеге қабілетті,кәсіби жоғары мәдениетті оқытудың иновациялық ақпарраттық технологияларын жетік меңгеру тиіс.

Кеше – жаңашылдықты зертте

Бүгін – оны жүзеге асыр

Ертең – тәжірибені тарат дей келе

«Оқу білім- жанған шырақ, іздеп көрсең қалмасаң» деп Ж.Аймаутов айтқандай талмай ізденіп, оқып «білім» атты шырақты маздата берейік деп семинарды өз мәресіне жеткіздік. Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.

Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.

Семинарға Астана қаласы білім басқармасынан әдіскері Замзагүл Сейілқызы,Білім басқармасы қазақ тілі әдіскері Қалиева М. «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығының тренері Ғалымжан Баянғали Ғалымжанұлы келіп қатысты. Жас мамандарға деген жылы лебіздерін білдірді. Семинар қазіргі өмір талабына сай жоғары деңгейде өткенін айтты. Қала мектептерінен 45 жас мамандар келіп қатысты. Соңғы рефлексия кезінде өздеріне алған әсерлерін айтып алғыс білдірді.

 

 

Химия пәнінің мұғалімі Алпысбаева Э.С. Тақырыбы: Тұздар. Құрамы және химиялық қасиеттері.

 

Бастауыш сынып мұғалімі Рахимова М.Ж. дүниетанудан тақырыбы: Части растения. Семена.

 

Әдебиет пәнінің мұғалімі Нуркина А.М. Тақырыбы: Жамбыл Жабаев жырларының қоғамдық мәні атты сабақ өткізді.

 

Орыс сыныбына Умбетова Д.Б. Литература пәнінен тақырыбы: Уроки нравствености «Притче облудном сыне»

Бастауыш сыныпта 1 сыныпқа Тулегенова Данара ана тілі пәнінен «Бір атаның ұрпағы» атты сабақ өткізді.

 

 

 

2 сыныпқа Молдалиева Ж.Ш дүниетану пәнінен «Өсімдік шаруашылығы» атты қызықты сабақ жүргізді.

 

 

 

Қазақ тілі сабағын Капенова А.А. 7 «В» сыныбына өткізді. Тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортсмендері

 

 

Ахметова Б.А. 7 «Б» сыныбында Әдебиет пәнінен Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы өткізді.

 

Коучинг –сессиясын Абишова Ф.Р. тақырыбы: Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы. Қатысқан жас мамандар қызығып өздері оқушы болып орындап кетті. Бұл жас мамандарға берері мол тәжірибе болды.

 

Коучинг –сессиясын Нысанбаева С.Ж. Тақырыбы: Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрету.

 


Комментариев нет
Просмотров: 528
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.02.2015 в 00:00