Меню KDT

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына

Жарысты өткізу мақсаты:ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында бұқаралық спортты  дамыту; 


Наурыз айының 11 жұлдызында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай Астана қаласының мектеп оқушылары арасында Асық атудан  калалық чемпионаты №18 орта мектебінде өтті.

       Жарысты өткізу мақсаты:ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында бұқаралық спортты  дамыту; «Астана – есірткісіз қала» өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру; Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау; Мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындарға қызығушылық  арттыру.

Жарысты №18 ОМ директоры Кабылова Н.К. салтанатты түрде ашып берді.

Жарысқа төрешілік жасау «Жігер» спортмектебінің  «Асық ату» ұлттық спорт төрешілері – Исламбеков М:К., Рахметов Е.С. жүктеледі.

Қаламыздың 8 мектебінен  10 құрама командалары (53 оқушы) сайысқа түсті. Командалар екі топта айналмалы жүйе түрінде ойнайды, әр топтан І, ІІ орынға ие болған командалар жарыстың жеңімпазын анықтады.       Жарыс «Жеті асық»  ұлттық ойынының ережесі бойынша өткізілді.

Жарыстың ашылуын, ойын барысын  «24КZ» және «Хабар» телеарналары түсірілім жасады.

 Жарыс жеңімпазы жиылған ұпай саны бойынша анықталады.

І орынды –№18 ОМ, ІІ орынды - №24 ОМ, ІІІ орынды – Жігер ІІ (24 ОМ),

ІV орыды - №75 МГ командалары иеленді.

 І, ІІ, ІІІ орын иеленген командалар Кубоктармен, әр команданың ойыншылары,   үздік ойыншылар «Сұр мерген», «Қол мерген», «Көз мерген»  номинациясы бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Комментариев нет
Просмотров: 221
Автор: 18mektep
Сайт: www.18.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.03.2015 в 00:00