Меню KDT

«Наурыз –ырыс, құт береке бастауы»

Сабақтың тақырыбы: «Наурыз –ырыс, құт береке бастауы»

Сабақтың мақсаты:

  1. қушыларға «Наурыз мейрамы» туралы мағлұмат беру.
  2. ң ерекшеліктерін айта отырып, ұлттық салт - дәстүрлерді                                  құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық салт – дәстүрді дамыту.
  3. Ата - бабамыздан қалған ырым - тиымдарды насихаттау.

Сабақтың міндеті: Оқушыларға наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін дамыту және жалғастыру.

Ән айту дағдыларын, есте сақтау, музыкалық сауаты мен ырғақты сезіну қабілетін дамыту. Оқушыларды халқымыздың салт - дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын оята отырып, салт - дәстүрімізге құрметпен қарауға және ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтыңәдісі: Әңгімелеу, ынталандыру, талдау, салыстыру, дауыс ашу, әндету, сұрақ - жауап,       

                               ой бөлісу                                                  

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру жұмыстары

Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

Қызығушылықты ояту:

                                               -Ау,аман ба, жарандар!

                                                 Алтын таңға қараңдар.

                                                 Ерте жайнап атты таң,

                                                 Естіліп жүр шаттық ән.

                                                 Аманбысың ардақты халқым менің

                                                 Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.

                                                 Мереке басы болсын берекенің

                                                  Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Олай болса балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Наурыз-ырыс құт береке бастауы»

Мейрам болған соң барлығымыздың көңіліміз көтерінкі, қуанышты сезімде болуымыз керек, солай ма?

Музыка тыңдау:

Ендеше, Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа» күйін тыңдап, жақсы көңілмен жаңа сабағымызды бастайық. Музыка тыңдалады. Балалар, күй сендерге ұнады ма? Күй қандай жылдамдықта орындалды? Бұл күйді балалар қазақ халқының «ПАСПОРТЫ» деп атайды екен.

Осыған ой қосуларыңызды сұраймын.

                         Наурыз – Шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы. Наурыз сөзі парсы тілінен енген. «Нау»- жаңа, «руз»- күн деген ұғымды білдіреді. Қазақстанда наурыз мейрамы 1926 жылға дейін тойланды да, тоқталып қалды. Тек, 1988 жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады. Бұл – күн мен түннің теңелетін, қыс ызғары кетіп, көктем лебі сезілетін уақыт. Бұл кезде мал төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиеді. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстыңұлы күні» деп атап, жаңа жылдың басы деп санаған. Наурыздың 21 - нен 22 - сіне қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні жаңбыр не қар жауса, «нұр жауды», «туар жыл жақсы болады» деп қуанған халқымыз. Бұл күні адамдар бір - бірімен төс қағысып амандасады, өкпелері болса, кешіреді. Ұлыс күнінде сәлемдесудіңқалыптасқан дәстүрі бар. Адамдар бір – бірімен кездескенде:

                                   Жасыңқұтты болсын!

                                   Өмір жасыңұзақ болсын!

                                   Ұлыс бақты болсын!

                                   Төрт түлік ақты болсын!

                                   Ұлыс береке берсін!

                                     Пәле - жала жерге енсін! – деп құттықтайды.

Қәне, балалар, біздер де бір - бірімізге жақсы тілек айтып төс қағыстырып, бойымызды бір сергітіп алайық, жарай ма?

Наурыз күні таңертеңәйелдер мен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз - келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деп, қариялар бұлақ басына ағаш егеді.

Наурыз мейрамында ұлттық тағамдар жасалады.

- Балалар, жеті түрлі тағамнан қандай тағам пісіріледі?

- Жеті түрлі тағамдарды атайықшы?

- Бидай, тары, күріш, жүгері, арпа, сүт, тұз және ет.

Наурыз тойы күні ауылдың жастары жиналып ойын ойнайды екен.

- Қандай ойын түрлерін білесіңдер? (Алтыбақан, Көкпар, Арқан тартыс, Қыз қуу, т. б).

Дауыс ашу жаттығуы:

Балалар, енді біз дауыс ашу жаттығуын жасаймыз.

Дауыс ашу жаттығуыныңөзіндік шарттары, оны Сіздер білесіздер. Ендеше, сол дауыс ашу шарттарын сақтай отырып, ля - ля - ля буыны арқылы жаттығуды жасаймыз.

Ән үйрету: «Наурыз біздің әніміз»

Балалар, біз Наурыз мерекесіне арнап, «Наурыз біздің әніміз» деген әнді үйренеміз.

Наурыз біздің әніміз

Өлеңін жазған Қ. Сыдық

Әнін жазған А. Жайымов

1        Наурыз келді жадыраған жайнаған,

Салтанатты сауық сайран айналам

Наурыз тойда қыр мен ойда

Қала дала қызық думан қайнаған

Қайырмасы: Наурыз, наурыз –сәніміз

                         Наурыз-біздің әніміз

                         Наурыз тойда күліп ойнап,

                         Шат көңілмен ән шырқаймыз бәріміз.

Наурыз келді шарықтайды жыр бүгін,

Қуанышпен құшақтаймыз қыр гүлін.

Берекелі , мерекеде көк жүзінен

Күлімдейді, күлімдейді нұрлы күн.

Қайырмасы: Наурыз, наурыз –сәніміз

                         Наурыз-біздің әніміз

                         Наурыз тойда күліп ойнап,

                         Шат көңілмен ән шырқаймыз бәріміз.

Қорытындылау:     Сұрақ - жауап

1) Наурыз көжеге салынатын жеті тағамды ата?

2) Қазақ халқыныңұлттық ойындарын ата?

3) Ұлттық тағамдарын ата?

4) «Наурыз» сөзі не деген мағынаны білдіреді?

5) Қазақстанда наурыз мейрамы қай жылға дейін тойланды?

6) Қай жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады?

Сөзжұмбақ «Наурыз»

  1. үтінен жасалатын ұлттық тағам түрін ата? (Айран)
  2. үйдіңқұралы. (Уық)
  3. Қазақтыңұлттық буын биі. (Қаражорға)
  4. қы сүтінен жасалатын ұлттық сусын түрі. (Қымыз)
  5. Ұлттық ойын түрі. (Қыз қуу)

н

а

н

а

й

р

а

н

у

ы

қ

қ

а

р

а

ж

о

р

ғ

а

қ

ы

м

ы

з

қ

ы

з

қ

у

у

Үйге тапсырма:

1) «Наурыз біздің әніміз» әнін жаттау.

2) «Наурыз» тақырыбына сурет салып келу.

Бағалау

Комментариев нет
Просмотров: 905
Автор: 45mektep
Сайт: www.45.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.03.2015 в 14:00