Меню KDT

«Қыз өмірдің қызғалдағы»

7 сәуір күні Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында қала көлемінде жоспарланған «Қыз өмірдің қызғалдағы» атты іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты қыздар арасындағы тәрбие аса назар аударылып,ұлттық салт-дәстүрді бойларына сіңіріп, рухани адамгершілік қасиеттерін қастерлеу. Байқау барысында қыздар өздерін жан-жақты көрсете білді. Қазақ сынып арасындағы қыздар мен бірге орыс сыныптары қатысқан Оспанова Саулені ерекше айтып өткіміз келеді. «Өнерлі өрге жүзер» атты  кезеңінде біздің қыздар көрермендердің көңілін табуға бар өнерлерін  ортаға салды. 11 «А» сынып оқушысы Асқарбаева Әйгерімнің қатысуымен көрсетілген «Соқыр Ана» көрінісі балалардың көңілін босатпай қоймады. Жүздер жүйрік қызымыз  Гран-При иегері болды. Сол сыныпта оқитын, бетке ұстар мектеп озаты І орын алған Жұмабаева Мадинаның балет өнерінен көрсеткен биін қошеметпен қарсы алдық. 10 «А» сынып оқушысы Досқали Анар ІІ орынға ие болды. Сахнада өзін ұстай білген қызымыз попуури музыка қолданып сыныптастарымен  флеш - моб көрсетті. 11 «А» сынып оқушысы Пардашева Алиманың ағылшын тілінде орындаған әнін көрермендер аса көңілді қарсы алды. «Қыз өмірдің қызғалдағы» байқауында ІІІ орын ие болды. 8 «А» сынып оқушысы Убайдуллаева Жанара  «Сұлулық сыры» атты кезеңінде сән өнерін жоғары деңгейде көрсете біліп, мектебіміздің «Әдемі қыз» номинациясын иегері болды. 8 «А» сынып оқушысы Қайырғазинова Айым өз қолымен жүннен жасалған бұйымдарды көрсетті.Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Тұмар - 2015» қалалық этнографиялық шығармашылық байқауында Гран - При орын алған қызымыз мектебіміздің  «Шебер қыз» номинациясына ие болды. 9 «Ә» сынып оқушысы Төлегенова Назерке өзінің бойындағы жарасымды қылықтарымен «Көрермен көзайымы»  номинациясының иегері  болды. 9 «А» сынып оқушысы Піспекбай Зейнеп «Ақыл, парасат» сұрақ-жауап сайысында нақты жауаптарымен көзге түсіп, «Білімді қыз» номинациясының иегері болды.Байқауға ата-аналарда қатысты, Піспекбай Зейнептің атасы, Асқарбаева Әйгерімнің, Жумабаева Мадинаның аналары сөз сөйлеп, мектеп әкімшілігіне  ризашылығын білдірді.Байқау арасында өз өнерлерімен көрермендердің көңілін тапқан 11 «Ә» сынып оқушысы Нұрманов Сұлтанның тобы қазіргі заман талабына сай әнін паш етті. Келесі байқауларға біздің мектептің қыздары бұдан да жақсы дайындық көрсете біледі деп сенім білдіреміз!

Комментариев нет
Просмотров: 187
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 09.04.2015 в 00:00