Меню KDT

«Карлаг – сталиндік қуғын-сүргіннің азалы тарихы»

22 мамыр күні    Карағанды  қаласындағы  «Карлаг – сталиндік қуғын-сүргіннің азалы тарихы» Карлаг, яғни, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері - ГУЛАГ архипелагы құрамындағы ең ірі азап аралына баратын  №2 мектеп гимназиясының мұғалімдері Ибраева Б.С. Шнайдер Е.А. Нурекенова  А.А. және Турымбтаева Л.К.  мен 8 Ә,  9 А, Ә сынып оқушылары  барып қайтты.

Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері 30-шы жылдары бір жағынан бұрынғы саяси партиялар өкілдері мен бай, кулактардан тұрса, екінші жағынан айыпты деп саналған жұмысшылар мен шаруалардан құрылған. Гулагтың (лагерлердің мемлекеттік басқармасы) ең ірі филиалы болған Қарлаг Қазақстан аумағындағы кіші мемлекет сияқты, дербес мекеме ретінде қалыптасты. Еңбекпен түзеу лагерінің негізгі мақсат-бағыты, тұтқындағылардың тегін еңбектерін пайдаланып, Сталиннің социализм құрылысы туралы бағдарламасын жүзеге асыру. Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда ұйымдастырылған, лагердің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шакырым жердегі Долинка селосында орналасқан. «Қарлагқа» 120 000 га – жыртуға, 41 000 га пішендік жер бөлінген. Қарлагтың аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, шығыстан батысқа дейін 200 шақырым жерді алып жатқан.

Комментариев нет
Просмотров: 276
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.05.2015 в 00:00