Тіл – ұлт игілі
Тіл – ұлт игілі.
Астана қаласындағы «№21 орта мектеп» ММ-де 12.09-22.09.2015 жыл аралығында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің онкүндігі өткізілуіне орай, 2015 жылдың 12 қыркүйегінде мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуы өтті. Осы іс-шараға барлық сынып атсалысты. Мерекені ашу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі – Әбдірахманова Гүлден Тұяққызы сөз сөйледі. Ол оқушыларды апталықтың ашылуымен құттықтап, мерекелік іс-шаралардың барлығына белсенді қатысуларын сұрады. Орта буын оқушылары қазақ тілі пәнінің мұғалімі Хавдалсейт Бұлғанияның жетекшілігімен өздерінің жүрекжарды өлеңдерің оқыды. Өзге ұлт оқушылары ән айтты. Мектеп оқушылары онкүндікке орай өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар болды. Мереке жақсы жалғасып, мемлекеттік тіліміздің мерейі асқақтап, қанаты беки берсін деп тілеймін!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нұрмағамбетова Жібек Қабденқызы