Меню KDT

«Тіл - халық қазынасы, ұлт шежіресі»

«Тіл -  халық қазынасы, ұлт шежіресі»
«Тіл -  халық қазынасы, ұлт шежіресі»


«Тіл - халық қазынасы, ұлт шежіресі»

2015 жылдың 11 – 21 қыркүйегі аралығында оқушыларға мемлекеттік тілдің

өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру мақсатында «№23 орта мектеп» КММ-де

«Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» тақырыбында тілдер онкүндігі болып өтті.

Тілдер онкүндігіне бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды. 11 қыркүйек күні тілдер апталығының ашылу салтанаты болды. Онкүндікті қазақ тілі пән

бірлестігінің жетекшісі Г.Б. Өтетілеева құттықтау сөзімен ашып, онүкндік аясында болатын іс – шара жоспарымен таныстырды.

Тілдер онкүндігінің өтілуі барысында 5 – 9 сыныптар арасында қабырға газетінің конкурсы, шығарма жазу конкурсы, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым жарыстары өткізілді.

Онкүндік жоспары бойынша 18 қыркүйек күні мектебімізде Абай атамыздың өнерін, өмірін насихаттау мақсатында мектепішілік Абай оқулары өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.А. Сауранбаеваның жетекшілігімен бұл шара өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз өнерлерін алға салды.














Комментариев нет
Просмотров: 642
Автор: 23mektep
Сайт: www.23.astana-bilim.kz
Добавлено: 11.09.2015 в 13:00