Меню KDT

«Ұстаз мәңгілік, жанымда қалар жаңғырып»

Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп – гимназиясында

«Қарттар күні»  және «Мұғалімдер күні» аясында өткізілген «Ұстаз мәңгілік, жанымда қалар  жаңғырып» атты мерекелік  іс шаралар туралы

              Республикалық қарттар күні аясында  және ұстаздар күні қарсаңында мектепте біркелкі мәдени іс-шаралар  өтті.  1 қазан күні мектепте көптеген жылдар бойы қызмет жасап,аталмыш мектеп іргесінен зейнетке шыққан  қадірлі де ұлағатты зейнеткер  қарт  ұстаз мұғалімдермен кездесу өтті.
            Жылдар бойы халқына  қызмет етіп осы күні адал еңбегінің арқасында  құрметті демалысқа шығып зейнеткер болған ұстаздарды мектеп шаңырағы ешқашан ұмытпайды,ерекше сағыныш сезімімен аңсап іздейтіні сөзсіз. Зейнеткер ұстаздардың да шәкірттерін,еңбек еткен мектебін  сағынып кездесуді қалайтыны айқын. Келешектің иесі - жас ұрпақты тәрбиелеудегі қиын да қызықты, ізгі де адал  еңбектерінің жемісін жиып осы күні құрметті демалыста отырған ұлағатты ұстаздарменен мазмұнды кездесу болды.     Мектепте көп жылдар бойы қызмет еткен  Тарасенко Надежда Григорьевна, Халықова Райхан, Қиялбаева Бақытжамал Масеновна  және т.б мұғалімдер шақырылды. Ардақты  ұстаздарменен кездесуде мектеп  директоры Г.М. Шаймердинов құттықтады, оқушылары мен қызметтік ұжым  өте қызықты және мазмұнды  болды. 
Бұл кездесуде шырқалған  тамаша жүрек жарды әсем әндермен қатар 11 сынып, яғни мектебіміздің биылғы түлектері ұстаздарына ән салып, би биледі. Ұстаз мерейін көтеретін өлең жолдары отырысқа ерекше сән келтірді.
Мектеп әкімшілігі тарапынан ұстаздарға арнайы жасалған кәсіподақ ұйымының сыйлықтары , оқушылардың өнері, кездесуге келген қарт ұстаздар жүрегіне  шынайы мейірімділік  пен жылылық  отын жаға білді Шақырылған ардақты ұстаздардың  бұл іс-шараны ұйымдастырушыларға білдірген алғыстары мен ризашылықтары шексіз мол болды.

Комментариев нет
Просмотров: 193
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.10.2015 в 09:12